Экономика • 21 Мамыр, 2025
Жол күтіміне таптырмайтын техника
Елімізде көлік инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарын толық қамтитын ауқымды жол құрылысы маусымы басталды. Жалпы ұзындығы 8,8 мың шақырым болатын әртүрлі деңгейдегі автомобиль жолдарында жұмыс жүргізу жоспарланып отыр. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанайда шығатын «Lovol» тракторларының жаңа легін сатып алып, техникалық қуатын күшейтті.
Форум • 21 Мамыр, 2025
Білім мен тәжірибе тоғысқан форум
Елордада тау-кен металлургия саласындағы корпоративтік оқыту құрылымдарының қатысуымен халықаралық форум өтті. «Eurasian Resources Group» (ERG) компаниясы мұрындық болған бұл ауқымды жиын елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Форум Менеджментті дамыту жөніндегі еуропалық қор (EFMD) қауымдастығына мүше корпоративтік университеттер мен кадр даярлау ісімен айналысатын ұйымдардың кәсіби байланысын күшейтіп, тәжірибе алмасуға арналған ашық платформаға айналды.
Мәселе • 21 Мамыр, 2025
Орталық Азия: Су тапшылығын жоюдың шешімі қандай?
Су мәселесі Орталық Азиядағы қарым-қатынастың маңызды тетігі екені бесенеден белгілі. Бұған дейін ол аймақтағы елдердің ымыра-ынтымағының арқасында тиімді шешімін тауып келді. Десек те жақын келешекте жағдай тағы да күрделене түсуі ықтимал. Осы орайда, жақында өтетін Астана халықаралық форумында талқыланатын маңызды тақырыптың бірі су мәселесі болмақ.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2025
Шығыста мемлекет-жекеменшік серіктестігі нығайып келеді
Өскеменде Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитеті депутаттарының қатысуымен өткен мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде Шығыс Қазақстандағы осы бағытта жүзеге асып жатқан жобалардың дені білім саласына қатысты екені айтылды.
Үкімет • 21 Мамыр, 2025
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтөбе облысының жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және дарынды жастарымен кездесті. Онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және өңірді дамыту мәселелері, сондай-ақ палатаның мәслихаттармен өзара іс-қимылының жаңа форматы аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды.