Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Қоғамдық тәртіпті нығайтудың жаңа қадамы
Мәжілісте қоғамдық палата отырысы өтіп, жиында «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» жаңа заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер талқыланды. Құжатты Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын іске асыру аясында әзірлеген.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2025
Мәдениет пен өнер – кез келген елдің мызғымас рухани діңгегі саналады. Бұл діңгектің мықты болуы, әрине, сол ұлттың сапасына, экономикасы мен дамуына әсер етеді. Иә, өнер – ұлттың жаны, мәдени тамыры.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2025
Мәдени мұра: сақтау мен жаңғырту үрдісі
Мәдениет және өнер – ұлтымыздың санғасырлық бітім-болмысын айшықтайтын мәңгі өшпес ұғымдар. Соның ішінде өткенімізді тірілтіп, бағзы мұрамызды саф күйінде сақтауда ерен еңбек сіңіріп отырған музей саласының орны қандай оқшау болса, оған қанаттас кітапхана, архив, театрлар бір-бірін толықтырып, мәдениет атты айдынның ұлылығын әйгілейді.
Тұлға • 21 Мамыр, 2025
Қазақы болмысты дәріптеген қаламгер
«Мархабат Байғұт – ұлт руханиятында өзіндік орны бар тұғырлы тұлға. Ол қазақ әдебиетінің өрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Қоғам тыныс-тіршілігін шынайы суреттеп, озық ойлы ұлтқа қажет мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мақамы бөлек Мархабат Байғұт» атты халықаралық симпозиумға жолдаған арнайы құттықтауында осылай деді.
Спорт • 21 Мамыр, 2025
Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) осы спорт түрін серік еткен саңлақтар арасынан ең үздіктерді анықтады. Аталған ұйым Аргентинаның арланы Лионель Мессиді теңбіл доптың теңдессіз шебері деп таныды. Екінші және үшінші орындарды Пеле мен Диего Марадона иеленді. Сондай-ақ ТОП-10-дықтың қатарында Криштиану Роналду, Йохан Круифф, Роналдо, Зинедин Зидан, Франц Беккенбауэр, Альфредо де Стефано, Роналдиньо сынды дүлдүлдер бар.