Әлем • 20 Мамыр, 2025
Туристке 114 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін
Испанияда турист ұлттық парктің қорғалған аумағында үлкен тасты әдейі сайға домалатып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл әрекеті үшін ол рекордтық көлемдегі — 168 мың фунт стерлингке дейін (шамамен 114 миллион теңге) айыппұл төлеуі мүмкін. Egemen.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлады.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Жүрегі қазақ деп соққан – Альбина
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының топырағында білім мен тәрбиенің шамшырағына айналған білікті ұстаздар аз емес. Солардың бірі – Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Альбина Гадирова, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 20 Мамыр, 2025
Мемлекеттік қызметтегі ЖИ ашықтық пен тиімділік құралы
Астанада орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз хатшыларына арналған «Халықпен тиімді коммуникация үшін жасанды интеллект» атты семинар-практикум өтті. Үш күнге жалғасқан іс-шарада қатысушылар заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасындағы өзара байланысты жетілдіру жолдарын талқылады. Басты назар қоғаммен байланыс сапасын арттыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2025
Абай облысында сарбаз қаза тапты
Абай облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз бактериалды менингиттен көз жұмды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
«Қазақ ауылында туып-өскенімді мақтан тұтамын!»
Өмірге келген сәтіңнен бастап, туған жерің саған алтын бесік-атамекен болып саналатыны сөзсіз. Ол мекен – әке-шешеңнің, ата-әжеңнің, арғы ата-бабаларыңның, сенен кейінгі ұрпақтардың құтты қонысы, мекені. Менің туып-өскен жерім – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Бұлақ ауылы. Бақытты балалық шағым осы ауылда өтті. Үлкен қазақ ауылында жалғыз ғана орыс отбасы тұрдық. «Сен орыссың, біз қазақпыз» деп бөлгендерін ешқашан естімегендіктен отбасымызбен әбден сіңіп кеткеніміз шындық.