Қоғам • 20 Мамыр, 2025
«Наурыз» – баспанаға жеткізер сенімді бағыт
Бұқара халық үшін тұрғын үй мәселесі өте өзекті. Ел Үкіметі бұл түйткілді шешу жолында жүйелі жұмыстар атқарып, түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген ипотекалық жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі – Отбасы банкі қолға алған «Наурыз» бағдарламасы. Бұл бастама Grand Building Group (GBG) компаниясының құрылыс жобаларымен ұштасып, азаматтарға сапалы әрі қолжетімді баспана алуға мүмкіндік беріп отыр.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
«Trallallero Trallalla». Балалар не көріп жүр?
Көк түсті аяқ-киім киген үш аяқты акула, жарты басы капучино, жарты денесі балерина, Fortnite ойнап отырған әке мен Бургер есімді мем. Қаншалықты қисынсыз естілсе де, бұл – бүгінгі интернеттің ең танымал кейіпкерлері. Оның фондық әуені де жұмбақ: «Trallallero Trallalla». Бастапқыда күлкі тудырған бұл әуен уақыт өте келе қоғамның қызу талқысына түсті. Бұл не ән? Қайдан шыққан? Ең бастысы – неге балалар мен жастарды қызықтырады?
Спорт • 20 Мамыр, 2025
Елімізде ұлттық спортқа қаншалықты көңіл бөлініп жатыр
Елімізде ұлттық спортты ұнатып қана қоймай, мән бере айналысып жүргендер нөпірі артып келеді. Қалың қауым ден қойып, қайта сәнге айналған спорттың бірі – садақ ату. Ежелде жауға шапқанда алғышептен қорамсаққа қол салған мергендер орын алған. Бейбіт күнде мазмұны түрленген садақ ату ойды жинақтап, ептілікке баулитын – ұлттық спорт. Елімізде Республикалық садақ ату федерациясы 2019 жылы құрылған. 2022 жылға дейін өзін спорт ретінде дәлелдеп, сол жылдың қазанында тұңғыш рет Маңғыстауда ҚР чемпионаты өтті. Алғашқы мергендер бәсекесіне 200-ге жуық адам қатысқан. Федерация құрылған тұста садақ атуды жанынан серік етіп, кәсіби деңгейде көңіл бөлген 50 спортшы болса, бүгінде бұл көрсеткіш 300-ге жеткен. Оның ішінде 52 мерген ел намысын әр деңгейдегі дүбірлі додаларда қорғап жүр. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі 8 садақшы мемлекет тарапынан стипендия иегері атанған. Садақ атудың тартымдылығы арта түскенін федерацияның 20 өңірде ашылғанын-ақ аңғаруға болады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 20 Мамыр, 2025
Пандемияға қарсы тарихи келісім қабылданды
Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 78-ші ассамблеясында пандемияға қарсы алғашқы халықаралық келісім қабылданды. Бұл шешім – COVID-19 індетінен кейінгі үш жылға созылған келіссөздердің нәтижесі, деп жазады Egemen.kz.