Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Алакөлге әуе билеттерінің бағасы арзандады
Жазғы демалыс маусымы қарсаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөлге апаратын бағыттар бойынша қолайлы жағдай жасауды қолға алып отыр. Еліміздің түрлі өңірінен Алакөл көліне жетуді жеңілдету үшін қосымша пойыздар қатынап, әуе билеттерінің бағасы төмендетілді. Сондай-ақ, көлге апаратын республикалық автожолдар толық жөндеуден өткен, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 20 Мамыр, 2025
Білім мен тәжірибені тоғыстырған форум
Елордада тау-кен металлургия саласындағы корпоративтік оқыту құрылымдарының қатысуымен халықаралық форум өтті. Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы мұрындық болған бұл ауқымды жиын Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Форум менеджментті дамыту жөніндегі Еуропалық қор — EFMD қауымдастығына мүше корпоративтік университеттер мен кадр даярлау ісімен айналысатын ұйымдардың кәсіби байланысын күшейтіп, тәжірибе алмасуға арналған ашық платформаға айналды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 20 Мамыр, 2025
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің жол картасы әзірленді
Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев елімізде 2029 жылға дейінгі балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту жол картасының әзірленгенін мәлімдеді. Құжат 7 бағыт бойынша 29 нақты іс-шараны қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Мамыр, 2025
Алматыда ІІІ Халықаралық «TYRKI DYNIYESI» студенттік театрлар фестивалі ашылды
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұйымдастыруымен ІІІ Халықаралық «TYRKI DYNIYESI» студенттік театрлар фестивалі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов баяндады, деп жазады Egemen.kz.