Әлем • 20 Мамыр, 2025
Зеленский жаңа кездесу өткізуге ниетті
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Киевтің халықаралық кездесу ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Биыл 60 бала терезеден құлап кеткен
Осы жылдың 19-мамырындағы дерек бойынша, терезеден құлап кеткен 60 баланың бесеуі оқиға орынында көз жұмған. 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген. ТЖМ күннің жылуына байланысты осындай оқыс оқиғалар жиілейтінін қаперге салып, ата-аналарды сақтыққа шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады
Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының түлегі Жәнібек Әбілхан 2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) 140 ұпайдың барлығын жинап, еліміз бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Бірлескен оқыту курсы басталды
Астанада Парламент Сенаты мен Ұлттық банктің бірлескен оқыту курсы басталды. Жаңа бастама қатысушылардың ақша-несие саясаты жөніндегі білімін толықтыруды көздейді. Жоба аясындағы алғашқы дәрісті палата спикері Мәулен Әшімбаев пен Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов оқыды.
Өндіріс • 20 Мамыр, 2025
Алматының әлеуетін арттыратын жобалар
Биыл Алматының индустриалды аймағында құны 135,5 млрд теңгені құрайтын 11 жоба жұмысын бастауы керек. Қазірдің өзінде 2 662 адамға тұрақты табыс көзін тауып берген жобалардың ішінде алты ірі кәсіпорын, оның ішінде жеңіл автомобиль, биологиялық жем, шыны ыдыс, арматуралық торлар мен резеңке бұйымдар шығаратын зауыттарға қоса, қаланың өндірістік секторының одан әрі дамуына ықпал ететін бес шағын өнеркәсіптік өндіріс бар.