Саясат • 20 Мамыр, 2025
Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық
Премьер-министр Олжас Бектенов «Shell» компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің президенті Питер Костелломен кездесті. Бірлескен мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселелері және ынтымақтастық келешегі талқыланды.
Білім • 20 Мамыр, 2025
Мектеп – бала болашағын қалыптастыратын қасиетті мекен. Ал мектептің сапасы – елдің ертеңіне жасалған инвестиция. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы дәл осы ұстанымды алға тартып, еліміздегі білім беру инфрақұрылымын түбегейлі жаңғыртуды көздейді. Бүгінде еліміз бойынша жүзден астам мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Солардың алғашқы қатарында болған Астана қаласындағы №100 мектеп пен Ақмола облысы Қоянды ауылындағы мектеп-лицейге арнайы барып, жаңа форматтағы білім беру кеңістігін өз көзімізбен көріп қайттық.
Қаржы • 20 Мамыр, 2025
Цифрлық активтерді қадағалау қажет
Электронды ақша – криптовалюта ел нарығына осыдан бірнеше жыл бұрын бейімделе бастады. Бірақ әлі қолданысқа кеңінен ене қойған жоқ. Алайда цифрлық активтердің заңсыз айналымы анықталып жатыр. Жақында өткен Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында Мемлекет басшысы криптоайырбастау, цифрлық майнинг салаларын ырықтандыруды тапсырды. Бұл – осы жаңа салада заң мен тәртіпті қатаңдатып, алаяқтарға желінбеуді алдын алу қажет деген сөз.
Тарих • 20 Мамыр, 2025
Шығармашылық адамына шабыт беретін, қаламгерлерді қанаттандыратын тосын деректер кейде алдыңнан өзі шығады. Мені қуантып, сондай бір әсерге бөлеген «Egemen Qazaqstan» газетінде жақында жарияланған «Тау тұлғаға тағзым» атты мақала болды. Авторы – белгілі тұлға Махмұт Қасымбеков. Белгілі мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтановтың «Қазақтың Қонаевы» атты кітабы жөнінде толғанады, ой өрбітеді. Шығарма Димекеңнің кемеңгерлігі, даналығы, данышпандық қасиеті туралы болғандықтан, автор ағынан жарылып, тіпті құпия нәрселерді де жазады. Әсіресе дүние салған Димекеңмен халықтың қоштасу кезінде Қуаныш ағаның шешімталдығын үлгі етеді.
Өнер • 20 Мамыр, 2025
Қазақ ән өнерінің қара нары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев атындағы «Ән-жырым саған, туған ел!» атты халықаралық әншілер байқауына биыл Қытай, Қырғыз Республикасы, Моңғолия елдерінен және еліміздің әр қиырынан «сен тұр, мен атайын» деуге лайықты үздік өнерпаздар қатысып, ән мерекесінің беделін арттырды.