Зерде • 20 Мамыр, 2025
Газетте жұмыс істеп жүргенде, редакция басшылығының берген тапсырмалары болмаса, өзіміз көріп-біліп, араласып жүрген аға ұрпақ өкілдері туралы көп қалам тартпадық. Сөйтіп, бізге тәлім-тәрбие беріп, ақыл-кеңесін аямаған бұл ғазиз жандарды өмір бойы жанымызда жүре беретіндей көрдік. Және қашан, қай уақытта да көңілдері ақ тілек пен ізгі ниеттен тұратын ол кісілердің өздері де мерейтойларына орай лебіз немесе жаңа кітаптарына байланысты пікір айту жөнінде ешқандай емеурін білдіріп көрмеді. Содан не керек, арада жылдар өткенде, бір кездегі бітпес, таусылмас болып көрінген редакциядағы жұмыстан босап, өмір жолымызда ерекше із қалдырған үлкенді-кішілі әріптестер жөнінде «Ағалар мен інілер» атты мөлтек портреттік фрагменттерді қағаз бетіне түсіруге отырмаймыз ба?! Өкінішке қарай, бұл кезде сол сыйлас жандардың көбі өмірден өтіп кеткен еді. Бірақ... Иә, бірақ... «Қалауын тапса қар жанады», деген сөз бар ғой. Ойлансаң не нәрсенің де қиюын келтіруге болатын сияқты. Мәселен, өзімізге кейіпкер болатын арамызда жоқ шығармашылық иелерінің біреуін есімізде қалған естеліктермен, екіншісін олардың өмірлік қосағы болған жан жарының көзімен, үшіншісін ең жақын деген достарының терең толғаныстарымен, ал төртіншісін тағдырлы таланттар тіршілігінің ыстығына күйіп, суығына тоңған жанашыр басшы әңгімелерімен көрсету. Сонымен, құрметті оқырман... Жоғарыдағы қолға алған тақырып, идеяны жүзеге асыру үшін осы шығармашылық әдісті қолға алған жайымыз бар. Оқып көріңіздер... Төмендегі сұхбат белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ахат Жақсыбаевтың жан жары, ұзақ жылдар ҚазПИ-де сабақ берген профессор, қаламгердің өмірден өткенге дейінгі жартығасырлық шығармашылығына тікелей куәгер Клара Теміртасқызы ӘУБӘКІРОВАМЕН өрбіді.
Ғалам ғажаптары • 20 Мамыр, 2025
Ойлаңызшы, көшеде келе жатырсыз. Алдыңызда биік ғимарат. Көзілдірігіңізді шешпей-ақ сол ғимаратқа қарадыңыз – көз алдыңызда әп-сәтте ақпараттар пайда болады: «Бұл – Орталық кітапхана. 3-қабатта – балалар бөлімі. Қазір ашық. Ішінде 12 адам бар. Wi-Fi тегін». Кинодағыдай, иә? Бірақ енді бұл қиял емес.
Қоғам • 20 Мамыр, 2025
Қаламгерлер Атырауда бас қосты
Атырауда Жазушылар одағының «Жұмысшы мамандығы және Қазақстан жазушыларының шығармалары» атты көшпелі пленумы өтті. Оған шығармашылық одақ пен облыс басшылары, Астана, Алматы қалаларынан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысынан қаламгерлер қатысты.
Ғалам ғажаптары • 20 Мамыр, 2025
Міне, қызық, шимпанзелер тек қарапайым дыбыстарды ғана шығарып қоймай, оларды біріктіріп, қысқа сөйлем құрай алады екен.
Спорт • 20 Мамыр, 2025
Түркияның Анталья қаласында 14-18 мамыр аралығында кикбоксингтен Әлем кубогы үшін болған жарыста Қазақстан құрама командасының қатарында күрескен қызылжарлық Аслан Асылбеков өз салмақ категориясы бойынша бесінші рет чемпион атанып, кубокты жеңіп алды.