Аймақтар • 23 Мамыр, 2020
Мақтаарал: Мың долларлық өтемақыны 1308 отбасы алды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Ә.Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 отбасының (30 420 адам) есепшоттарына аударылады. Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерген. Тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының 90 пайызы таратылды. Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылатын болады. Бұл туралы Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевпен өткен тікелей эфирде облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев мәлімдеді.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2020
Шымкент: 87% тұрғын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілген
Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қаралды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі М.Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.Бекбауова баяндады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Әлем • 23 Мамыр, 2020
Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық іс бойынша екі күдікті қамауға алынды
Өзбекстан Реуспубликасының Бас прокуратурасы Telegram арнасында Сардоба су қоймасына қатысты қылмыстық істі тергеу барысы жөнінде ресми мәлімет хабарлады.
Қоғам • 23 Мамыр, 2020
Жүргізуші куәлігін алу үшін онлайн өтініш беруге болады
Мерзімі өтуімен, тегін, атын және әкесінің атын ауыстырумен, жоғалту немесе ұрланумен байланысты жүргізушілік куәлігін алуға өтінішті үйден шықпай-ақ беруге болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 23 Мамыр, 2020
Пәкістанда ұшақ апатынан 97 адам қаза тапты
Пәкістан елінде халықаралық әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы өткен жұма күні Караши қаласында апатқа ұшырап, борттағы 97 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті Doon газеті хабарлады.