Қоғам • 19 Мамыр, 2025
24 мамырдан бастап үйі жоқ азаматтар онлайн кезекке тұра алады
Елімізде тұрғын үй алу жүйесінде жаңа өзгерістер енгізілді. Енді 24 мамырдан бастап азаматтар тұрғын үй кезегіне бұрынғыдай тек жергілікті әкімдік арқылы емес, «Отбасы банк» арқылы тұра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2025
Елімізде «Музей түні – 2025» акциясы қалай өтті
18 мамыр әлем бойынша «Халықаралық музей» күні аталып өтілді. Айтулы датаны еліміздегі мәдени мекендер «Музей түні – 2025» акциясымен айшықтады. Бұл күнді келушілер көңілін бұрып, таңғажайып түн форматында өткізу Қазақстанда 2006 жылдан қалыптасты. ҚР Орталық музейінің осы бастамасы бүгінде бұлжымас дәстүрге айналып, осы жылы жиырмасыншы рет ұйымдастырылды. Қазір ел бойынша 294 музей жұмыс істеп тұр. Өткеннің өрнегін бүгінге жеткізіп, болашаққа аманаттар орындарда 4,5 млн жәдігер сақтаулы. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстан музейлерінің табалдырығын 6,6 миллионнан астам адам аттаған, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 19 Мамыр, 2025
ШҚО мамандары қытай медицинасымен танысты
Шығыс Қазақстан облысынан келген делегация ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына сапары аясында Алтай аймақтық дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасында болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Қазақстан ана өлімін төмендеткен он елдің қатарына кірді
Орнықты даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен Орнықты даму мақсаттары бойынша үшінші ерікті ұлттық шолу таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2025
Оралда тіл оқыту орталығы ашылды
Орал қаласындағы «Достық үйінде» Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Тілдерді оқыту мен дамыту оқу-әдістемелік орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.