Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Қызылорда облысында 60 мың гектар күріш алқабы лазермен тегістелді
Су үнемдеу және егін өнімділігін арттыру мақсатында Қызылорда облысында биыл 60 мың гектарға жуық күріш алқабы лазерлік технологиямен тегістелді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңір диқандарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 19 Мамыр, 2025
Жасанды интеллект: Қазақстанда құқықтық негіз қалыптасты
Өткен аптада Қазақстанның цифрлық даму тарихындағы айтулы оқиға орын алып, Мәжіліс палатасы еліміз үшін маңызды қадам жасады. «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленген заң жобасы – технологиялық прогрестің жылдам қарқынына жауап ретінде жасалған алғашқы іргелі қадам еді.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Еліміздегі әлеуметтік ұйымдардың 92 пайызы лицензия алды
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау процесі аяқталуға жақын. 2025 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша, қызмет көрсетуші ұйымдардың 92 пайызы лицензия алып, алушылардың 97 пайызы сапасы бекітілген қызметпен қамтылған. Бұл қадам әлеуметтік қызмет сапасын арттырып, қызмет алушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2025
Арқалықта «Өркендей бер, туған өлкем» атты патриоттық акция өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда жариялаған бастамаларын қолдау мақсатында өткен шараға 250-ден астам студент қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 19 Мамыр, 2025
Қазақстанға Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер жеткізілді
Өнімділігі шамамен 2 экзафлопсты құрайтын суперкомпьютер Орталық Азия тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер. Цифрлық даму министрлігі ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде жинақталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.