Көрме • 17 Мамыр, 2025
Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбын бейнелеген Қазақстан суретшілері шығармаларының бірегей коллекциясына ие. Оның едәуір бөлігі Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңістің жұлдызды сәті» атты ауқымды көрмесінде ұсынылды.
Тұлға • 17 Мамыр, 2025
Мемлекет және қоғам қайраткері, заң мен әділет жолында жарқын істер иесі болған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров тірі болғанда 18 мамыр күні 85 жасқа толар еді. Ол – құқық қорғау саласының белгілі қайраткері, КСРО Ішкі істер министрлігінің, тәуелсіз Қазақстан полициясының құрметті қызметкері.
Өндіріс • 17 Мамыр, 2025
Абай тігін фабрикасының кеңес заманында атағы алысқа кетіп, дүркіреген еді. Жылына 2 млн дана ер мен әйелдің, баланың киімін, төсек-орын жабдығы мен жұмыс киімін тігіп шығаратын бұл өндіріс орнында 3 мыңға жуық адам жұмыс істеген. Фабрика өнімдері елдің ішкі нарығына ғана емес, тегіс одақ елдеріне тоқтаусыз жөнелтіліп тұрды. Тоқсаныншы жылдары тоқырауға ұшырап, жиырма жылдан аса есігі тарс жабылған ғимараттың қабырғасы ғана аман қалған. 2015 жылдан бері абайлық кәсіпкер Нұрхан Жұмабеков фабриканы оңалтып келеді.
Тағзым • 17 Мамыр, 2025
Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, публицист, сындарлы экономист Смағұл Садуақасұлының 125 жылдық мерейтойын Астана бастап жіберді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ғылыми-практикалық конференцияда тұлғаның мерейтойына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты оқылып, ғалымдар баяндама жасады. Арыс туып-өскен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақжар ауданынан бір топ өкіл келіп, тұлғаның мерейтойына орай өткізіліп жатқан бірқатар іс-шараға қатысты.
Саясат • 17 Мамыр, 2025
Іргелі ұйымдармен ықпалдастық ілгерілейді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының кезекті отырысы өтті.