Ғалам ғажаптары • 17 Мамыр, 2025
Бүгінде «Samsung» сөзін естігенде, көзімізге бірден түрлі техникалар мен смартфондар елестейді, бірақ оның басталуының технологияларға мүлдем қатысы жоқ.
Форум • 17 Мамыр, 2025
Астана форумы: «Жасыл» энергия – жаһандық мәселе
Еуропа «жасыл» энергияға көшуге бел байлады. Бірақ оның негізгі қаруы – жел мен гидроэнергетика климаттық өзгерістер мен жеткізу тізбегіндегі іркілістерге осал. Қаржылық қызметке маманданған халықаралық компания «Bloomberg»-тің жазуынша, Қазақстан – Еуропаның энергия тапшылығы қаупін азайтуға қабілетті сенімді серіктес. «Жасыл» сутегі, күн және жел энергиясына бай еліміз «Hyrasia One» сияқты жобалар арқылы Еуропаға тұрақты, экологиялық таза энергия жеткізуді ұсынады.
Сұхбат • 17 Мамыр, 2025
Назым ҚЫЗАЙБАЙ: Арманым – Олимпиаданың алтын медалі
Қазақ боксының тарихында Болат Жұмаділов тұңғыш әлем чемпионы атанып, 1999 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында Әнұранымыз шырқалып, Көк туымыз желбіреді. Әйелдер боксында әлем чемпионатының алғашқы алтынын 2014 жылы 21 жасында Назым Қызайбай олжалады. Ол арада екі жыл өткенде дүниежүзінде теңдессіз екенін тағы да әйгілеп, екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Биыл үшінші мәрте осы биігіне ат байлады. Ел спортының тарихында бокстан үш дүркін әлем чемпионы атағы әзірге Абайдың қызына ғана тиесілі. Жақында қазақ боксының жарық жұлдызымен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Сұхбат • 17 Мамыр, 2025
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ: Ұлттық музей – тарих пен тағылым тоғысқан орда
Халықаралық музей күні – адамзаттың мәдени мұрасын сақтап, ұрпаққа аманат ету жолындағы асыл мұраттарды дәріптейтін мереке. Осы күннің қарсаңында еліміздің рухани-мәдени өмірінде айрықша орны бар Ұлттық музейдің тыныс-тіршілігі, саладағы жаңа бастамалар жөнінде аталған мәдениет ордасының басшысы Берік Әбдіғалиұлымен сұхбат құрдық.
Білім • 17 Мамыр, 2025
Жоғары білімді тегін алуға ниетті талапкерлерге сын сағат туды. Үміткерлердің арасында биыл және өткен жылдары мектеп бітірген түлектер де, колледжді тәмамдағандар да, қандастар да бар. Елімізде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды.