Бокс • 11 Мамыр, 2018
Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді
Кәсіпқой боксқа қайта оралған Бейбіт Шүменов Астанада WBA (Regular) чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бірінші ауыр салмақта бақ сынайтын отандасымыздың қарсыласы - түрік боксшысы Хизни Алтункай (30-1, 17 КО).
Қазақстан • 11 Мамыр, 2018
Қазгидромет демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын айтты
Мамыр айында шуақты әрі жылы ауа райы күрт өзгеріп отырады, күн суытып, жаңбыр жауады. Алдағы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбырлы, найзағайлы, бұлтты күн райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2018
ШҚО-ның Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды
Облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен Көкпекті ауданы әкімі қызметіне Асхат Сайдахметұлы Смаилов тағайындалды. Ол бұған дейін Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2018
Мобильді журналистиканың мүмкіндігі қандай?
Смартфон, интернет сынды заманауи технологиялар бүгінде медиа саласының, тіпті десеңіз журналистиканың табиғатын өзгертуде.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2018
Биылғы Еуразия Медиа форумы несімен ерекшеленгелі отыр?
Форумның негізгі отырыстарының бірі «Еуропалық Одақтың эволюциясы» деп аталады екен. Онда Одақтың қазіргі қиындықтары мен болашақтағы даму мүмкіндіктері талқыланады дейді ұйымдастырушылар.