Аймақтар • 28 Мамыр, 2018
Жетібайда «Қолдайық ауыл мектебін» акциясы өтті
Мамырдың 28-і күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен мұғалімдері «Қолдайық ауыл мектебін» әлеуметтік акциясы аясында Жетібай ауылындағы №8 орта мектебіне 100 бөлме гүлін, 200 кітап, көрнекі стенд, 15 доп және Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары құрастырған 3D принтерді сыйға тартты. Шара «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2018
Ақтауда «Әке, ана және мен – спорт сүйер жанұя» байқауы өтті
Еліміздің әр өңірінде дәстүрге айналған отбасылық сайыс 26 мамыр күні Ақтау қаласында өтті. Өңірдің мемлекеттік қызметшілері арасында Теннис орталығында ұйымдастырылған шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болды.
Әдебиет • 28 Мамыр, 2018
«Менің атым Қожа» түрік тілінде сөйледі
Түркия астанасы Анкарада қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың түрік тілінде жарық көрген «Менің атым Қожа» кітабының тұсауы кесілді. Бұған дейін әлемнің 67 тіліне тәржімаланған айтулы шығарма бауырлас түрік тіліне тұңғыш рет аударылып отыр.
Қазақстан • 28 Мамыр, 2018
СІМ Қытайда қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың сыртқы саяси ведомствосымен өткізген консулдық мәселелер туралы консультацияларында аспан асты елінде қос азаматтық үшін ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады, - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 28 Мамыр, 2018
Мемқызметшілер Сингапурдың экономиканы әртараптандыру тәжірибесін зерделеуде
Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен мемлекеттік қызметкерлер үшін өзгерістерді басқару, экономиканы әртараптандыру және инвестицияларды ынталандыру бойынша екі күндік семинар басталды. Семинарды Сингапурдағы Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Лим Сионг Гуан мырза өткізуде. Ол бұрын Сингапурдың Мемлекеттік қызмет агенттігінің басшысы, Экономикалық даму жөніндегі Кеңестің төрағасы, Сингапурдың GIC Дербес әл-ауқат қоры тобының президенті қызметін атқарған.