Экономика • 13 Мамыр, 2025
Қазақстанда алты жылда ауқымды геологиялық барлау жүргізілген
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті Жер қойнауын геологиялық-геофизикалық зерттеудің 2019-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындыларын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 13 Мамыр, 2025
Елордада жас өнертапқыштар жарысы өтті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2025» халықаралық робототехника фестивалі өтті. Ауқымды іс-шараға еліміздің жиырма облысынан, сондай-ақ көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елінен келген екі жүзден астам мектеп оқушысы қатысты. Жас өнертапқыштар алты санатқа сәйкес бақ сынап, өз жобаларын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Ұландықтар тұрғындарды өрттен құтқаруға көмектесті
Қызылорда қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өртеніп жатқан көпқабатты үйден тұрғындарды эвакуациялауға атсалысты. Бұл жағдай патрульдік қызмет барысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Мамыр, 2025
Үкіметте шегірткеге қарсы күрес шаралары пысықталды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткенің таралуына қарсы күресті күшейту қажеттігіне назар аударды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазіргі жағдай туралы баяндады. АШМ мәліметтері бойынша, шегірткелердің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.