Әлем • 12 Мамыр, 2025
Трамп дәрі-дәрмек бағасын 80%-ға дейін төмендетуге ниетті
АҚШ Президенті Дональд Трамп рецептуралық дәрі-дәрмектердің бағасын 30–80%-ға төмендететін жарлыққа қол қоюға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2025
Мақта шаруашылығында 70 мың адам еңбек етіп жүр
Маңызды салалардың бірі мақта шаруашылығы – халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр. Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан, 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымында шамамен 70 мың адам еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2025
«Ақорда» резиденциясында екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның келіссөздері аяқталғаннан кейін екіжақты құжаттар алмасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 12 Мамыр, 2025
Мейіргерлер мәртебесі биіктейтін күн
12 мамыр күні Қазақстан және әлемнің 141 елі мейіргерлердің кәсіби мерекесін атап өтеді. Науқастың алдынан алдымен шығатын мейіргерлер өмір мен өлім арасындағы нәзік шепте қызметін атқарады. Тәуліктік ауысымдарда емімен дем беріп, қолдауымен науқастың халін жақсартуда жан аямайтындардың еңбегін тек мамандық қалыбында мөлшерлеу өлшемге сыймайды, бұл еңбек адамдық сезіммен астасып жатады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2025
Президент Абу Дабидің Тақ мұрагерімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаяндының сапары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретініне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.