Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Бұрнағы күнгі газетіміздің нөмірінде жарық көрген «Қолбасшы Нұрмағамбетов» атты мақалада Рейхстаг алынғаннан кейін Сағадатты майдандық газеттің тілшісі Мұса Дінішев іздеп барып, очерк жазғаны туралы дерек келтірілген. Сол тарихи сәттің сарғайған естелігін санада жаңғыртқан мына сурет 1945 жылдың мамырында Берлинде түсірілген. Жеңіс туы желбіреген мерейлі мезетте тарихқа таспаланған бұл бейне – қос бірдей қазақ перзентінің жеке естелігі ғана емес, бүтін бір ұрпақтың ерлігі мен елге деген адалдығын айғақтайтын құнды дерек.
Сұхбат • 09 Мамыр, 2025
Жұмабай ДОСПАНОВ, әскери тарихшы: Ерлік ешқашан ұмытылмайды
Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы әлі толық зерттелген жоқ. Былтыр Президент Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші жиынында «Қазақстанның қаһарман майдангерлері» жобасына назар аударды. Бұл жобаны атыраулық әскери тарихшы Жұмабай Доспанов қолға алған еді. Мақсат – 1941–1945 жылдардағы сұрапыл соғыстың тарихын зерттеу, отандық майдангерлердің ерлігін кейінгі буынға кеңірек насихаттау. Осы орайда Жұмабай Доспановпен сұхбаттасудың сәті түсті.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Шоқ жұлдыздай шағын ауылдың төл тарихы әріден жылға тартады. Жар басына қонған екі ауыл қатар өрбіп, төсекте басы, төскейде малы қосылып, біте қайнасып кеткен. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары ұйымдасып шаруашылық құрады. Сол тұста «Абай» ұжымшары атанған.
Архив • 09 Мамыр, 2025
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ жерінен 1,2 миллион жауынгер аттанған. Оның 630 мыңы майдан даласында шейіт кетіп, 271 мың сарбаз із-түзсіз жоғалды. Кейінгі жылдарда «Атамның аманаты» атты ұйым адамзат баласының басына нәубет төндірген сол сұм соғыстың ақтаңдақ беттерін аршып, 4 мыңға жуық боздақтың мәліметін жарыққа шығарды. Ең қызығы сол, ұйым еріктілері осы бір елдік істі ақысыз атқарып жүр.
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында
Соғыс пен саясатқа тең араласқан Уинстон Черчилль бірде «Соғыс деген – шын мәнінде өрескел қателіктердің каталогі» депті. Соғыс десе, әлі күнге дейін кеңсірігіміз ашып, жонымыз мұздап, көзіміз жасаурайтыны анық. Ол ненің қайғысы, ненің шер-шемені екені де түсінікті. Даласынан қымыз исі бұрқырап, сай-саласында төрт түлігі шұрқырап жататын халқымыздың да жаһандық ұрыстарға қатысы көп. Қатысы болмай ше? Құдайдан бір, адамнан екі сұрап алған білекті ұлы мен ізетті қыздары кенеттен соғыс шебіне аттанып кете барды.