Оқиға • 08 Мамыр, 2025
Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтеді
2025 жылғы 9 мамыр күні сағат 21:00-де Алматы қаласындағы Абай алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды дрондар шоуы ұйымдастырылады. Шоу Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 08 Мамыр, 2025
«Елорда жастары» бағдарламасымен үйлі болудың жолы қандай
Елордада жұмыс істейтін жастарды баспана алу мәселесінде қолдауға бағытталған «Елорда жастары» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Осы бағдарламаға қатысушылардың бірі Ерке Байғабылова мемлекеттің бастамасының арқасында қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Мамыр, 2025
Air Astana әуе компаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Үндістанға және кері бағытта рейстерді тоқтатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2025
Атырауда жаңа ойын алаңдары салынады
Атырау қаласында балаларға арналған 30-ға жуық ойын алаңдарын салу жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Мамыр, 2025
Шымкентте 49 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
Шымкент қаласында 2025 жылға дейін жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау бағытында ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, биыл 49 567 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған, оның ішінде жыл басынан бері 9 737 адам жұмысқа орналасқан. Бұл еңбек нарығындағы белсенділіктің артқанын білдіреді. Қазіргі таңда қаладағы жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайыз, ал жастар арасындағы жұмыссыздық – 3,5 пайызды құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.