Саясат • 09 Мамыр, 2024
Вице-премьер Қанат Бозымбаев, «BI Group» холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, «Верный Капитал» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Дәурен Өтемұратов, «Қазхром» ТҰК» АҚ (ERG компаниялар тобы) бас директоры Сергей Прокопьев Ақтөбе облысында болды.
Үкімет • 09 Мамыр, 2024
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте елдің ішкі нарығын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиынға Энергетика министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік кірістер комитеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы қатысты.
Алматы • 09 Мамыр, 2024
Алматы қаласында өз елімізде шығарылған ең алғашқы фандомат пайда болды. Осылайша, техникалық режімде мегаполистегі Панфилов пен Төле би көшелерінің қиылысында пластикалық бөтелкелер мен сусындардың алюминий ыдыстарын қабылдайтын алғашқы фандомат іске қосылды. Құндық шикізат қатарындағы тұрмыстық қалдықтар мұқият сұрыпталғаннан кейін пайдалы тауарлар өндіретін кәсіпорындарға одан әрі қарай өңдеуге жіберіледі.
Мереке • 09 Мамыр, 2024
Қаһармандықтың рәмізі мен қасиеті
Жеңіс күні – еліміздегі әрбір жан үшін маңызы зор қастерлі күн. Өйткені әр отандасымыздың отбасынан майдан даласында фашизммен күресіп, бейбітшілік заманын жақындатуға атсалысқандар да, тылда еңбек етіп, жеңіске жетуге өз үлесін қосқандар да табылады. Бұл қастерлі күн – халқымыздың ерен ерлігі мен бірлігінің, қаһармандығының рәмізі.
Аңдатпа • 09 Мамыр, 2024
Аңдатпа: Бағланова туралы мюзикл
9 мамыр - Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында «astana musical» театры «Роза Бағланова» мюзиклін ұсынады. Режиссері – Есләм Нұртазин.