Айбын • 07 Мамыр, 2025
Бітімгер күштер ел беделін көтереді
Еліміздің қарулы күштері 2014 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметіне өз үлесін қосып келеді. Осы уақыт ішінде 80 азамат байқаушы және штаб офицері ретінде бірнеше миссияға атсалысса, 700-ге жуық әскери қызметші БҰҰ-ның арнайы операцияларына қатысқан. Ал өткен жылдан бастап еліміз бітімгерлік қызметті дербес құраммен өз бетінше орындауға кірісті.
Қоғам • 07 Мамыр, 2025
Әрбір екінші азамат сыйлықты онлайн сатып алады
Қазір көпшілік таңдаған тауарына онлайн тапсырыс беруге әбден дағдыланды. Бұл әрі тиімді, әрі кейде арзанға да шығып жатады. «Ozon Қазақстан» жүргізген зерттеуге сәйкес азаматтардың 50%-дан астамы әсіресе сыйлықтарды интернет арқылы сатып алуды жөн көреді екен.
Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2025
Біздің ұрпақ қаршадай қазақ батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің ерлігіне бала жастан қанық. Қызмет бабында танысқанымызға бірталай уақыт болған еді. Кездесіп, сұхбат алу туралы алдын ала келіскенбіз. Соған орай қолбасшы уақытқа сыр бермеген қапсағай тұлғасымен орнынан қопарыла тұрып, қарсы алды. Өз басының қадірін білетін және шынайы ізетті бағалайтын ілтипатты қалпы. Бар зейінін маған аударып, әңгімеге шынайы ықылас танытты. Тарихи тұлғамен жүздесу жанға жағымды әсер қалдырған еді.
Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыста еліміздің миллиондаған азаматы опат болды. Уақыт өткен сайын соғыстың алапат отын кешкендердің атын жаңғыртып, ерліктерін еске алып, құрмет көрсету – парыз. Бұл соғыс біздің отбасын да айналып өтпеді. Ел азаматтарымен қатар әкеміз де майданға аттанды. Әкем Серікбай Мерзадинов 1922 жылы бұрынғы Қызылқұм (қазіргі Шардара) ауданындағы Амантүбек ауылында дүниеге келген. Ол 19 жасында Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты қазіргі Тараз қаласынан 60 шақырымдай жерде орналасқан Ақшолақта алғашқы әскери даярлықтан өтіп, өзге азаматтармен бірге тікелей Сталинградқа аттанады.
Өшпес даңқ • 07 Мамыр, 2025
Батыр атағы бұйырмаған алты арыс
Отан үшін отқа түссе де, әділетсіздіктің құрбаны болған қандастарымыз қаншама? Қан майданда қаһармандық үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылғанымен, оны ала алмаған ағаларымыз көп болған. Солардың алтауы бірдей Солтүстік Қазақстан облысының тумасы екен.