Мәдениет • 06 Мамыр, 2025
Көкшетауда Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы мен батыр атындағы музейдің 30 жылдығына және халықаралық музейлер күніне орай тұңғыш рет «Мәңгілік тұлғалар» атты бірінші республикалық тұлғалық музейлер фестивалі өткізілді.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2025
Катонқарағай ауданында жаңадан асфальт-бетон зауыты бой көтерді
Катонқарағай ауданының бірқатар ауылдарына асфальт төселіп, тұрғындардың барыс-келісі едәуір жеңілдеген. Алайда, Катонқарағай ауылында бұрыннан бері жұмыс істеп келе жатқан асфальт-бетон зауытының өндіріс қуаты мен көлемі аздық етіп отыр. Сондықтан, «Өскемен-Тазалық» ЖШС басшылығы жаңа асфальт-бетон зауытының құрылысын бастап кетті. Айта кетейік, «Өскемен-Тазалық» ЖШС Барлық пен Ақсу, Берел мен Аршатының арасындағы жолға асфальт төсеуді де қолға алып отыр.
Экономика • 06 Мамыр, 2025
Түркістанда жылына 2 млн тонна мұнай өңдейтін зауыт салынып жатыр
Түркістан облысы Ордабасы ауданында салынып жатқан «Standard Petroleum & Co» ЖШС-ның мұнай өңдеу зауытының бірінші кезеңін жыл соңында іске қосу жоспарланған. Өндіріс орнында 300 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.
Парламент • 06 Мамыр, 2025
Мәжіліс төрағасы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кездесті.
Президент • 06 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Астана-Опера театрында концерт тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.