«Таза Қазақстан» • 06 Мамыр, 2024
Алматы облысының және Іле Алатауының інжу-маржаны – Есік көлінің жағасында «Мөлдір бұлақ» ұранымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бесінші апталығы басталды. Жас еріктілер мен жақын маңдағы ауыл тұрғындары және қоғам белсенділері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге Есік өзенінің маңында сенбілік өткізді.
Басылым • 06 Мамыр, 2024
Таяуда белгілі қаламгер, қонаевтанушы Ораз Қауғабайдың «Әз Тәуке және Әлмерек» атты кітабының екінші басылымы жарық көрді (Алматы, «Полиграфия-сервис» баспасы).Тарихи эссе жанрында жазылған кітапта Әз- Тәуке хан дәуіріндегі қазақтың Албан тармағынан шыққан хас батыры, орта жасқа келгенде би деңгейіне көтерілген кемеңгері, соңында абызға тән баталы сөз бен аңыз-әпсана қалдырған тұлғаның беймәлім әрі тылсым ғұмырбаяны зерделенген. Жазушы ел аузындағы деректер мен тарихи фактілерді қатар қойып, замана келбетін, тұлғалар бейнесін қалыптай алған.
Зерде • 06 Мамыр, 2024
Кез келген мемлекет өткен тарихынан сабақ алған, ұлы тұлғаларын әспеттеген. Осыған орай Қарадала шайқасында ерен ерлік көрсеткен Әлмерек Жаншықұлы өнегесі хақында, Шонжы атауы туралы ойды оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2024
Өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» күндері аясында бірыңғай сенбілік апталығы өтті. Апталық аясында бүкіл облыс аумағында ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің аулаларын, қарттар үйлерінің айналасын тазарту, тал егіп, ағаш әктеу жұмыстары атқарылды.
Бокс • 06 Мамыр, 2024
Төрехан - төрт дүркін Азия чемпионы
Астанада жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионаты финалында Төрехан Сабырхан (67 келі) алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.