Руханият • 29 Мамыр, 2020
«Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген...»
Кеңес Одағының керегесі қаусап, шаңырағы ортасына түскеніне де отыз жылға жуық уақыт болды. Алайда қазақ халқының бұл империя құрған тоталитарлық жүйеден көрген қорлығы мен тартқан тауқыметі ұлт жадынан ұмытылмақ емес. Адам айтса сенгісіз алапат аштық пен саяси қуғын-сүргіннің, тәркілеу мен күштеп ұжымдастырудың, отырықшылдандырудың кесірінен Ұлы дала ұландарының үлесі кемудің үстіне кеми берді. Деректер 1879-1939 жылдар аралығында ұлтымыздың саны 5 млн адамнан 2 млн 300 мың адамға дейін азайғанын айтады.
Білім • 29 Мамыр, 2020
Еркебұлан Әкімқожаұлы Алматы облысы Іле ауданының Н.Тілендиев ауылындағы мектепте информатика пәнінен сабақ береді. Ауыл мұғалімі біз көтеріп отырған осы бір көкейкесті мәселеде кедергі ретінде ең көп айтылатын жалақы жөніндегі уәжге нүкте қойғандай. Өйткені оның еңбекақысы қазіргі таңда 400 мың теңгеден асады. Осы деректі келтіргенде, сонау 90-жылдардан бері санаңызға сіңіп қалған көзқараспен «Мүмкін бе?» деп сұрақты төтесінен қоятын шығарсыз. Әлбетте мүмкін. Ал мұндай мүмкіндік бола тұра, берік бекеттің бір бұрышы бұзылса да ер мұғалімдердің саны неге күрт көбеймейді? Енді нендей тосқауыл тежеп тұр?
Коронавирус • 28 Мамыр, 2020
Елімізде коронавирустан емделіп шыққандар саны 4900-ге жетті
Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Алматы қаласында – 2, Жамбыл облысында – 4, Шығыс Қазақстан облысында – 1.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Түркістан: Мектеп түлектері 6 балалы анаға баспана сыйлады
Түркістан облысы Созақ ауданында 2000 жылғы мектеп бітірген түлектер аз қамтамасыз етілген отбасыға баспана сыйлап, игі іске ұйытқы болып отыр.
Президент • 28 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған форумға қатысты
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.