Денсаулық • 29 Мамыр, 2025
Астанада «Стереотиптерсіз психикалық денсаулық: Шизофрения туралы нені білу керек?» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шара Дүниежүзілік шизофрения туралы ақпараттандыру күніне орай ұйымдастырылып, «Gedeon RichterKZ» ЖШС мен Niettes әлеуметтік-азаматтық алаңының қолдауымен өтті.
Мәселе • 29 Мамыр, 2025
Қуаңшылық пен зиянкестер ауыл тұрғындарының тұрмысын ауырлатып тұр
Түркістан облысы шаруаларын алаңдатып отырған ең өзекті дерлік екі мәселе бар. Биыл ауа райының қолайсыздығы салдарынан егін алқаптарының біраз бөлігі күйіп кеткен. Жалпы, егілген 389,3 мың гектар алқаптың 10%-ы жарамсыз күйге түскен. Бұл жоспарланған өнім көлемінің айтарлықтай төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ өңірде зиянкестермен күрес мәселесі де өзекті болып тұр.
Ғалам ғажаптары • 29 Мамыр, 2025
1926 жылы Канада мемлекетінде бұрын-соңды болмаған ерекше байқау өтті. Торонто қаласының ауқатты заңгері Чарльз Вэнс Миллар дүниеден өтер шағында өсиет жазып қалдырған еді. Маңызды құжатта «500 000 доллар мұрамды он жыл ішінде ең көп баланы дүниеге әкелген анаға табыс етемін» делінген.
Жәдігер • 29 Мамыр, 2025
Моңғолияның «iNews.mn» танымал порталы жақында ортағасырлық қыпшақ жауынгері қолданған торкоз сауыт пен темірден тұтас құйылған дулығаның суретін жариялады. Жәдігер жуық жылдары Украинаның Липовец елді мекені маңына жүргізіліген археологиялық қазба жұмыстары кезінде 264-қорғаннан табылған екен.
Құқық • 29 Мамыр, 2025
Құқық саласындағы олжалы он жыл
Мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен тыныштығының басты кепілі – заң мен тәртіп қағидатының сақталуы. Осы орайда құқық саласында Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстердің ел игілігіне қызмет етіп келе жатқанына 10 жыл толып отыр.