Театр • 28 Мамыр, 2025
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры М.Қожахметова мен А.Молдағалиевтің «Мәншүк» атты музыкалық драма жанрындағы қойылымының премьерасын көрермен назарына ұсынды. Шымылдық ашылған сәттен-ақ кішкентай қыздың бейнесі көрерменді баурап алып, әсерлі сезімге бөлейді. Қойылымда Мәншүк өміріндегі үш маңызды кезең көрсетіледі.
Субсидия • 28 Мамыр, 2025
Субсидия берсе, сүт көбейе ме?
Cүт өндірісін ұлғайтуға бағытталған жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы нәтиже бере бастағандай. Ертіс-Баян жеріндегі сүт өндіру көлемі 31,5 мың тоннаға ұлғайып, зауыттарды шикізатпен қамтамасыз ету көрсеткіші айтарлықтай өсіп отыр.
Байқау • 28 Мамыр, 2025
Дәл осындай тақырыппен қордайлық оқушылар биыл төртінші мәрте Абайдың қарасөздерін жатқа айтудан жарысқа түсті. Алғаш рет бұдан төрт жыл бұрын Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылы азаматтарының руханиятқа әрі ұрпақ тәрбиесіне деген жанашырлығы мен жауапкершілігінен туған идея «Абайды оқы, таңырқа!» атты қарасөз байқауы болып дүниеге келді. Жыл сайын аясы кеңейіп, танымалдылығы артып келе жатқан жоба биыл хакімнің 180 жылдық мерейтойы аясында алғаш рет аудандық деңгейде ұйымдастырылды.
Тағзым • 28 Мамыр, 2025
Ақтамақ қалпеге құлпытас орнатылды
Бүгінгі Астана, кешегі Ақмола тарихының елеулі белесі – дін мен дәстүрге адалдығы, еркіндік пен теңдік жолындағы күресі. Патша өкіметі тұсында аға сұлтан лауазымын атқарған белгілі тұлға Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы 1838 жылы өз қаржысына тұрғызған мешіт ел аузында «бірінші мешіт», «аға сұлтан мешіті», «ескі мешіт» аталғанын білеміз.
Оқиға • 28 Мамыр, 2025
Ұн зауытындағы жарылыстан зардап шеккен үш жұмысшы да қаза тапты
«Азия Агро Фуд» зауыты басшылығы жұмысшылардың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.