Әлем • 28 Мамыр, 2025
Димаш Құдайберген Алматыда тыңдармандарымен жүздесті
26 мамыр күні Алматыда әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «D and Dears» атты жанкүйерлермен кездесу кеші өтті. Шараға түрлі елдерден мыңдаған тыңдарман қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 28 Мамыр, 2025
«Италия – Қазақстан» іскерлік форумында 10 меморандум жасалды
Бүгін Astana International Forum аясында ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан-Италия сауда қауымдастығы (ACIK) және екі ел Елшіліктері бірлесіп ұйымдастырған «Италия – Қазақстан» іскерлік форумы өтті. Іс-шара екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау, іскерлік байланыстарды нығайту және қосылған құн тізбегі бойынша – логистика мен өнеркәсіптік кооперациядан бастап жоғары технологиялар мен «жасыл» энергетикаға дейін – бірлескен жобаларды іске қосу үшін маңызды алаңға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 28 Мамыр, 2025
Жазғы демалыс және балалар қауіпсіздігі
Жаз айлары – балалық шақтың ең жарқын, қуанышты кезеңі. Күннің жылы сәулесі, таза ауа, суға шомылу мен табиғат аясында өткізілетін уақыт балалардың денсаулығын жақсартып, көңіл-күйін көтереді. Дегенмен, бұл кезеңде қауіпсіздік мәселесіне аса мән беру қажет. Қайғылы оқиғалар, өкінішке қарай, дәл осы уақытта орын алып жатады. Бүгін біз жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі ережелеріне тоқталамыз.
Жастар • 28 Мамыр, 2025
Мейірім мен міндетті тоғыстырған ерлі-зайыпты ветеринар мамандар
Ертеде мал қонысының қамымен жайлау, күзеу, көктеуге көшіп, қыстауға қонған жұрттың ұрпағы үшін мал амандығы - әманда маңызды мәселе. Бүгінде тұрмысты түзеп, тіршілікті жалғайтын төрт түлік шаруашылығы – экономиканың да драйверіне айналған. Жайылымды малға, төскейді төлге толтыратын тармақты сала – ветеринария болса, оның тұралауы, саладағы маман тапшылығы өз деңгейінде мемлекет дамуын да тежейді, деп жазады Egemen.kz.