Тұлға • 28 Мамыр, 2025
Екі мыңыншы жылдардан кейін әдебиетке келген буынға шынайы болмысымен, ақеділ пейілімен жанашыр болған Дидағам, қазақтың қарымды қаламгері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дидахмет Әшімханұлы туралы бір естелік жазуды көптен бері ойлап жүрген едім. Бірақ алаш жұртының әдебиеті мен журналистикасында өшпес із қалдырған қаламгер хақында жазуға отырғанымда түрлі ойлар жан-жақтан қаумалап, оның бәрін қағазға ақтара төгудің әсте мүмкін еместігін білгенде ішімде бір өкініш аунап түскендей болды.
Үкімет • 28 Мамыр, 2025
Министрлік шегірткенің жаппай таралуына қатысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде шегірткелердің жаппай әрі бақылаусыз таралуына қатысты ақпарат тарап жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәлімет пен бейнематериалдар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Мамыр, 2025
Биологиялық белсенді қоспалар нарығы цифрлық таңбалау жүйесіне көшіріле ме
Бүгінде биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) шығаратын, сататын, жарнамалайтын компаниялар жеткілікті. Дегенмен ББҚ – кез келген кеселден құтқара салатын дәрі емес. Соған қарамастан, дәрігерлердің нұсқауынсыз, мамандарға тексерілмей-ақ оның түр-түрін сатып алып, іше беретін адамдар көбейген.
Білім • 28 Мамыр, 2025
Қытай даналығы «Бір жылдығыңды ойласаң – күріш ек, он жылдығыңды ойласаң – ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң – адам тәрбиеле» дейді. Адам тәрбиелеу – баладан басталады. Ал баланың танымын қалыптастырып, тілін дамытуда тақпақтың алатын орны ерекше. Ғылым дәлелдеген, зерттеулер көрсеткен айғақты артықшылықтарын шып-шырғасымен түгендеуге кіріссек, есебіне жетіп болмаймыз. Әйтеуір, көп. Ең кернеу дегендері – баланың есте сақтау қабілетін арттырады, ойлау жүйесін дамытады, тіл байлығын молайтады. Сонымен қатар тақпақ арқылы балада бейнелі ойлау қалыптасып, дүниетанымы кеңейе түседі. Бірақ бүгінгі балабақшада айтылатын өлең шумақтарының тақпақтан гөрі шатпаққа көбірек ұқсайтыны неліктен? Балдырғандарға сапалы өлеңдерді қалай таңдаған дұрыс? Тілі кеш шығатын бөбектерге жаңылтпаштың қандай пайдасы бар? Осы сұрақтардың жауабын біз кәсіби мамандардан сұрап білдік.
Қоғам • 28 Мамыр, 2025
Makeathon «TOM:Kazakhstan»: Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған инновация
Makeathon «TOM:Kazakhstan» – студенттердің инновациялық жобаларын қолдауға бағытталған 72 сағаттық марафон. Марафон Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен «Әлеуметтік технологияларды дамыту қауымдастығы» ЗТБ, Satbayev University және «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» РҚБ, «Dos Ortopedia» компаниясының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет өтті.