Білім • 28 Мамыр, 2025
Баланы 1-сыныпқа қалай даярлаймыз?
Биылғы оқу жылы аяқталып, оқушылар арқасын кеңге салып жазғы демалысқа кетті. Алайда баласы алдағы күзде алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын ата-аналар үшін босаңситын уақыт емес. Керісінше, осы маңызды кезеңге дайындықты қолға алатын шақ. Өйткені мектепке психологиялық дайындық – баланың болашақ оқу жетістігінің негізі. Сондықтан психолог Айгүл Наурызбаевадан баланы 1-сыныпқа қалай дұрыс даярлау керегін сұрап білген едік.
Басылым • 28 Мамыр, 2025
Қазақстан – Италияның Орталық Азияға ашылған қақпасы
Осы жылдың наурыз айында Италия президенті Серджо Маттарелла Қазақстанға ресми сапармен келген еді. Сапар Италия мен Орталық Азия арасындағы дамып келе жатқан қарым-қатынасты одан әрі нығайтты. Әсіресе бұл Еуроодақтың, соның ішінде Италияның аймаққа деген стратегиялық қызығушылығын арттыра түсті.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Эфиопияның Ұлттық күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тайе Ацке-Селассиеге Эфиопияның Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәселе • 28 Мамыр, 2025
Арал тағдыры – өңірлік ынтымақ таразысы
Арал теңізінің тартылуы – еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азияның экологиялық әрі әлеуметтік-экономикалық мәселесіне айналған құбылыс. Кезінде су ресурстарын бейберекет пайдалану салдарынан теңіз деңгейі күрт төмендеп, өңірдегі табиғи тепе-теңдік бұзылды. Сондықтан трансшекаралық ынтымақтастық аясында Сырдария мен Әмудария бойындағы мемлекеттердің суды әділетті бөлуде жауапкершілік пен жанашырлық танытуы өте маңызды. Бүгінде Қазақстан бұл мәселені шешу жолында нақты шаралар қабылдап, Кіші Аралды қалпына келтірудің екінші кезеңін бастады. Көкарал бөгетін жаңғырту, жаңа гидроторап салу, көлдер жүйесін тұрақтандыру және су көлемін арттыру арқылы теңіз экожүйесін сақтау көзделіп отыр.
Президент • 28 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.