Коронавирус • 27 Мамыр, 2020
Жамбыл облысында бір отбасында төрт адамнан коронавирус анықталды
Соңғы тәулікте Жамбыл облысында коронавирустық инфекция жұқтырудың тағы 15 дерегі тіркелді. Тараз қаласында 12, Жамбыл ауданында 2 және Меркі ауданында 1 жағдай анықталып отыр. Атап айтқанда, қауіпті індеттің белгілері бір отбасының төрт мүшесінен, оның ішінде екі кәмелетке толмаған баладан табылған. Эпидемиологиялық зерттеуге сәйкес, отбасы мүшелерінің біреуі бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Шымкентте кәсіпкерлерді қолдайтын «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесі ашылады
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жақын күндері жұмысын бастайтын «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесінің дайындық жұмысымен танысты.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2020
Кентауда полиэтиленді құбыр шығарыла бастады
Кентау қаласында «АБН Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің полиэтиленді құбыр шығаратын цехы іске қосылды. Жобалық құны 600 млн теңге болатын цех жылына 1500 тонна құбыр шығаруға қауқарлы.
Қоғам • 27 Мамыр, 2020
Қарулы күштерде мобильді ПТР-зертханалар құрылады
Қорғаныс ведомствосында Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб бөлімшелерінің басшылық құрамымен аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында бұрынғы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, әскери-медициналық қызмет жұмысын жетілдіру және әскердегі басқа да күнделікті тіршілігіне қатысты мәселелер талқыланды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 27 Мамыр, 2020
Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми заңдастыруы мүмкін
Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми заңдастыру туралы ұсынысты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы айтты.