Оқиға • 27 Мамыр, 2025
Шетелдіктің көлігін заңсыз иемденген алаяқтар ұсталды
Жетісу облысының 33 және 34 жастағы тұрғындары Қытай азаматына тиесілі көлікті Грузияға жеткізіп береміз деген сылтаумен иемденіп, сатып жіберген, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 27 Мамыр, 2025
Алқаптар тегістеліп, арналар жаңартылды
Кейінгі жылдардағы су тапшылығы Сыр диқандарын тығырыққа тіреп отыр. Бастапқыда дария арнасына қарайлап, әр егіс маусымын алаңмен өткізетін шаруалар кейіннен күріш көлемін азайтып, егісті әртараптандыруға ден қоя бастады. Осы күні диқандар алқапты тегістеу арқылы су үнемдеуге көшті.
Пікір • 27 Мамыр, 2025
Дамыған және дамушы елдің арасы...
Әдетте қателік жасап, шалыс басқан адамды жас қой немесе тәжірибесі аз, әлі оңы мен солын танымады деп, тағы басқа «дәлелдер» айтып ақтап алуға тырысамыз. Ол адам бұдан сабақ алып, қайталамауға тырысады, болмаса керісінше, сол қатесімен өмір сүре береді. Бұдан бір адам ғана зардап шегеді. Ал адамның орнына біртұтас мемлекетті алсақ, шалыс басқан ісін тез арада жөнге келтірмесе, миллиондаған тағдырға балта шабары сөзсіз. Осы орайда қателесетін көбіне-көп дамушы елдер ғана. Өйткені олар жаңа нәрсеге құмар келеді, қуыс кеудені әлі зерттеліп, зерделенбеген дүниемен толтыруға асығып тұрады.
Суицид • 27 Мамыр, 2025
«Вертер әсері»: суицидке медиа себеп пе?
Бала кезімізде кейбір қазалы үйге көңіл айта барған үлкендерден марқұмды «жұмбақ жағдайда» қайтыс болыпты деп қана естуші едік. Яғни ел ішінде өзіне қол салған кісі өлімін қашанда жасыруға тырысады. Сондай «жұмбақ» өлімдердің кейбірінің нақты себебін бертінде ғана ес кіргенде білдік. Қазақ екінші жағынан «Ауруын жасырғанды өлім әшкере етеді» деп те аурудың алдын алуға асқан сақтықпен қараған. Бүгінде суицидті жасыру былай тұрсын, ол мемлекеттік деңгейде ашық талқыланып, оны болдырмаудың сан түрлі жолы қарастырылып келеді. Себебі бұл кеселді, әсіресе жастарды төңіректеп алған осы ауруды ауыздықтау мүмкін болмай бара жатыр.
ANTIKOR • 27 Мамыр, 2025
Мемлекеттік сатып алу саласында заңбұзушылықтар анықталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Биылғы бес айда 29 млрд теңгеге жуық негізсіз жоспарлы баға белгілеу фактісі әшкереленіп, оның 6,4 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.