Саясат • 27 Мамыр, 2025
ОСК төрағасының Польшаға сапары
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Польша Республикасына жұмыс сапары аясында электоралдық үдеріс мәселелері бойынша халықаралық әріптестермен екіжақты кездесулер өткізді. Іс-шараларға ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман да қатысты.
Экономика • 27 Мамыр, 2025
KEGOC: тұрақты өсу, стратегиялық инвестициялар
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға кеңес төрағасы Болат Жәмішев, қор өкілдері мен сарапшылар қатысты. Келелі кеңесте жүйелік оператор «KEGOC» акционерлік қоғамы 2024 жылды қорытындылап, жақын және алыс болашақтағы жоспарлары туралы баяндады.
Тәрбие • 27 Мамыр, 2025
Бала тәрбиелеу – әлімсақтан бері адам өміріндегі ең маңызды іс. Бала тәрбиесі үшін басы ауырып, балтыры сыздамаған ата-ана кемде-кем шығар. Ал осы тәрбиенің өзегінде асыл үміттің, жарқын болашаққа деген ұмтылыстың негізі жатыр. Ұлтымыз ежелден ұрпақ баулу ісіне баса назар аударған. Қадау-қадау ғасырлардан бергі жинаған тәжірибелер мен ұлттық салт-сана, халықтық дәстүрдің озығы да сол бала тәрбиесіне жұмсалғаны рас.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2025
Білім жүйесіндегі тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастама – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында биыл Ақтөбе облысында 14 мектеп салу жоспарланса, қазіргі уақытта оның екеуі пайдалануға берілді. Бұл – Ақтөбе қаласындағы №79 және №82 мектептер.
Білім • 27 Мамыр, 2025
«Алтын белгіге» үміткерлер көбейді
Биылғы оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысы көлеміндегі 444 мектепте 1-11 сынып аралығында 74 мың оқушы білім алды. Сондай-ақ өңірде 104 қазақша, 232 орысша және 108 аралас мектеп бар. Оқушылардың яғни 56 686 бала, 75,3 пайызы, орысша оқиды.