Қазақстан • 18 Маусым, 2018
Қызылордада «жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы Рапиль Жошыбаев әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
Қазақстан • 18 Маусым, 2018
«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика Ассоциациясын» құру туралы шешімге қол қойылды
Бүгін Астанада Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы дала» III Гуманитарлық ғылымдар форумы өтіп жатыр. Форум барысында «Алтаистика, Түркология, Моңғолистика Ассоциациясын» құру туралы шешімге қол қойылды.
Қазақстан • 18 Маусым, 2018
Оралда республикалық өлкетанушылар форумы басталды
Орал қаласында «Жайықтың қасиетті орындары» атты республикалық өлкетанушылар форумы басталды. Шара бір аптаға созылады. Форум аясында қатысушылар өңірдегі жалпыұлттық киелі жерлер тізіміне енген 7 нысанмен танысып, пленарлық, секциялық жұмыстар, шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Сондай-ақ облыстық музейде суретші-иллюстратор Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесі өтеді.
Аймақтар • 18 Маусым, 2018
Солтүстік Қазақстан облысында аудан әкімі тағайындалды
Президент Әкімшілігінің және Ақжар ауданы мәслихат депуттатарының келісімімен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Ақжар ауданының әкімі болып Ербатыр Мадияров тағайындалды.
Қазақстан • 18 Маусым, 2018
Солтүстік Қазақстанда жұқпалы ішек аурулары инфекциясы өршіп тұр
Өткен жылға қарағанда биылғы 5 айда жұқпалы ішек аурулары инфекциясына шалдыққандардың саны 34 пайызға артқан.