Қазақстан • 16 Маусым, 2017
«Алтынемел» мен Қаратау қорығы ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
12-15 маусым аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Адам және биосфера» бағдарламасы халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті сессиясы өтіп, онда ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне 23 жаңа биосфералық қорықты енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар орталығы.
Әдебиет • 16 Маусым, 2017
Адамзат тарихындағы аянышты эпизод
«Тарихты көркем әдебиет дей алмасақ та, әдебиетті көркем тарих деп әбден айта аламыз» деген Чернышевскийдің сөзін Қазақстан Жазушыларының V съезінде «Көркем әдебиет шығармалары терең де шыншыл болсын» атты тақырыпта баяндама жасаған Жұбан Молдағалиев мысалға келтіреді. Ал қазақтың ұзақ тарихын шындық негізінде ғылыми жүйеге түсіруге талпыныстар болғанымен Кеңес үкіметінің цензурасы оған мүмкіндіктер бермегені, тарих ғылымының жүгін амалсыз әдебиет көтергені де рас. Бұл сөздерді ары қарай растап жатпайық. Өйткені, оны қаламгерлер шығармалары әлдеқашан дәлелдеп қойған.
Аймақтар • 16 Маусым, 2017
Астанада “Нұрлы жермен” сатылатын алғашқы тұрғын үй анықталды
«Алтын Шар West» құрылыс компаниясы Астана бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының бірінші қатысушысы болды. Кеше өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында компанияның мемлекеттік бағдарламаға қатысуы мақұлдалды, деп хабарлайды "Даму" қорының ресми сайты.
Таразда алаштануға арналған кітаптар жарық көрді
Биыл Алаш қозғалысына 100 жыл толады. Атаулы дата қарсаңында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Алаш және ұлт қайраткерлері» және «Алаш және ұлт әдебиеті» атты кітаптар жарық көрді, деп хабарлайды оқу орнының ақпараттық-имидждік қызметі.
ЭКСПО-2017 • 16 Маусым, 2017
ЭКСПО көрмесіне Зырян ауданынан 5 мың адам барады
Төрткүл дүниенің назарындағы ЭКСПО көрмесін Зырян ауданынан ең әуелі спортшылар мен мемлекеттік қызметшілер, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары тамашалайтын болады.