Технология • 27 Маусым, 2025
Жақында еліміз «50-in-5» жаһандық бастамасына қосылды. Бұл бастама цифрлық қоғамдық инфрақұрылымның (DPI) негізгі элементтерін жедел енгізуді мақсат етеді. Сондай-ақ технологиялар заманауи, ыңғайлы, проактивті мемлекеттік қызметтерді дамытуға негіз болып, адамдардың өмір сүру сапасын арттырып, цифрлық экономиканы ілгерілетуге ықпал жасайды.
Жәдігер • 27 Маусым, 2025
Түркіге ортақ Жанкенттің жәдігері
Есте жоқ ескі заман жылнамаларынан жиі кездесетін Жанкент қаласы Сырдың төменгі ағысындағы ірі экономикалық және саяси орталық болғаны анық. Көне түркі тілінде Янгикент, араб зерттеушілері әл-Карьят әл-Хадиса, парсы жылнамашылары Дих-и-нау деп таңбалаған шаһар атауының аудармасы жаңа қала дегенді білдіретін еді.
Үкімет • 27 Маусым, 2025
Қостанайдағы су бұру арнасына 1 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстар салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Қостанай облысының Қарасу ауданында су бұру арнасының құрылысына Үкімет резервінен 1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2025
Байырғы қалашық ашық музейге айнала ма?
Атырау қаласындағы «Жұлдыз-3» шағын ауданында Ақтөбе-Лаэти тарихи қалашығы бар. Облыс әкімдігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі №53 қаулысына сәйкес аталған тарихи қалашықты қорғау аумағы бекітілген.
Digital • 27 Маусым, 2025
«Starlink» мәселені толыққанды шеше ме?
Осы жылдың үшінші тоқсанында Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернеті еліміздің барлық аумағында ресми түрде іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.