Оқиға • 12 Маусым, 2025
«Самұрық-Қазынаның» табысы айтарлықтай өсті – Нұрлан Жақыпов
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры соңғы жылдары тұрақты қаржылық өсімді көрсетіп келеді. Бұл туралы Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Астанада өткен Қор қызметінің аралық қорытындыларына арналған брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Маусым, 2025
23 семсерші Азия бәсекесіне барады
Семсерлесуден Азия чемпионаты – Индонезияның Бали аралында өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары ерлер және әйелдер арасында қылышпен, шпага және рапирамен сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Маусым, 2025
Биыл 18 мың құтқарушы тұрғын үй төлемдерін алады
Биыл елімізде шамамен 18 мың Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкері тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Сенат кулуарында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 12 Маусым, 2025
Сапалы білім – сенімді болашақтың кепілі
Бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу кез келген елдің күн тәртібінен түспейтін міндет. Өйткені дана халқымыз өткен ғасырдың өзінде-ақ: «Бір жылдығын ойлаған ел – егін егеді, жүз жылдығын ойлаған – ағаш отырғызады, ал мың жылдығын ойлаған – білімді ұрпақ тәрбиелейді», деп ұрпақ тәрбиесінің қаншалықты жауапты екенін айқындап берген. Ал бүгінгі біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасыр – технологиялар ғасыры. Сонымен бірге адами капиталдың құндылығы артып, интеллектуалдық даму бірінші орынға шықты. «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік», деп кешегі бабаларымыз өсиет еткендей бүгінгі қоғам білім мен ғылымның салтанат құрып, бәсекеге түскен уақыты. Мұндай заманда ұлттың өркендеуі ең алдымен білім беру жүйесінің сапасына тәуелді. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин өз заманының өзекті мәселесіне айналған білім мен ғылым жолын: «Өнер-білім бар жұрттар…» деген жыр жолдарымен-ақ болашақтың бағдары етіп көрсеткен болатын. Бұл ойлар бүгінгі күн үшін де аса өзекті.
Спорт • 12 Маусым, 2025
Волейболшылар жартылай финалға шықты
Ханойда (Вьетнам) волейболдан әйелдер құрамалары арасында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогінде Қазақстан өз тобындағы соңғы кездесуін Филиппинмен өткізіп, 3:0 (25:21, 25:15, 25:19) көрсеткішімен жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz.