Экономика • 12 Маусым, 2025
Елімізде автокөлік өндірісі қарқынды дамып жатыр
Бүгінде автокөлік өндірісі ел экономикасына айтарлықтай үлес қосып жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылы Қазақстанда 147 мыңнан астам түрлі көлік құралы шығарылып, олардың жалпы құны 1,9 триллион теңгеге жеткен, сол жылы автокөлік өндірісі машина жасау саласының 41%-ын құраған. Қазақстанның Автокөлік Одағының президенті Анар Мақашева салаға қызығушылық артып, оған көбірек қаржы салынып жатқанын айтады. 2024 жыл бойынша автокөлік өнеркәсібіне салынған жалпы инвестиция көлемі 189,9 млрд теңгені құрайды, бұл көрсеткіш – 2020 жылмен салыстырғанда 20 есе көп, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 12 Маусым, 2025
Тәжірибеден өткен студенттер саны төрт есе артқан
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен еліміздегі жетекші ЖОО арасында жасалған меморандумдар шеңберінде былтыр 80 студент өндірістік тәжірибеден өтсе, биыл 339 студент (288 студент университеттерден, 51-і колледждерден) тәжірибе жинаған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Маусым, 2025
Ел кәсіпкерлеріне жеңілдікпен несие беріледі
Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жеңілдікпен несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлады. Бұл құрал микро, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 12 Маусым, 2025
Үш қалада ауаның сапасы төмендейді
12 маусымда еліміздің бірқатар аймақтарында метеорологиялық жағдайлар қолайлы болады. Дегенмен, Павлодар мен Өскемен қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Астанада ауа сапасы нашарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Маусым, 2025
Оңтүстік Африкада тасқыннан 49 адам қаза тапты
Оңтүстік Африка Республикасында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ел билігі төтенше жағдай жариялады. Елдің бірнеше өңірінде қалың қар мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны орын алып, табиғи апаттан 49 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.