Digital • 27 Маусым, 2025
Тіл тірі ағза секілді. Ол дамиды, түрленеді, жаңарады. Ал оны заман көшіне ілестіретін – технология. Бүгінде қазақ тілін дамыту үшін қағаз бен қаламнан гөрі интернет пен жасанды интеллект көбірек көмектесіп жүр. Бір платформа сөздің мағынасын тереңірек түсіндіруге көмектессе, екіншісі орфографиялық қателерді түзетеді. Ал үшіншісі терминдерді біріздендіреді, төртіншісі аудионы әп-сәтте мәтінге айналдырады. Бұл – тілді күнделікті өмірде оңтайлы әрі сапалы қолдануға арналған «sozdikqor.kz», «emle.kz», «termincom.kz», «Writer Voicy» сияқты құралдардың ортақ миссиясы.
Инвестиция • 27 Маусым, 2025
100 млн еуродан асатын инвестиция
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Air Liquide» тобының вице-президенті Эмили Муран-Ренуармен кездесті. Кездесу барысында тараптар Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) аумағында сутегі өндіру қондырғысының құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Аталған жоба 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Заң мен Тәртіп • 27 Маусым, 2025
Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігін ойласақ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен құқық қорғау органдарының алқа мәжілісінде елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатының қатаң сақталуын қамтамасыз ететін құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік идеясын қоғамда берік қалыптастыру қажеттігі атап көрсетілді. Заң мен тәртіп қағидаты жеке адамның ішкі мәдениетінен түзіліп, отбасы, жақындары, араласатын ортасына байланысты бекитінін ескерсек, мұның түпкі діңгегі адамның бала кездегі тәрбиесіне келіп тірелетінін аңғаруға болады.
Марапат • 27 Маусым, 2025
Журналистерге ілтипат та, сенім де жоғары
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «Amanat» партиясы журналистер арасында өткізілетін дәстүрлі республикалық «Amanat медиа сыйлығының» қорытындысын шығарды. Биыл 10 аталым бойынша 11 жеңімпаз анықталды. Жалпы, осы уақыт аралығында бұл марапатты отандық медиа саласының 150-ден аса өкілі иеленді.
Саясат • 27 Маусым, 2025
Халықаралық сауданы дамытатын әуежай
Премьер-министр Олжас Бектенов «Skyhansa» компаниясының тең құрылтайшысы әрі директорлар кеңесінің мүшесі, доктор Кристин Грётцбахпен кездесті. Маңызды кездесуде Жетісу облысындағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы жанынан жүк және жолаушылар әуежайын салу жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.