Жәдігер • 12 Маусым, 2025
Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына арналған әдеби мұражайда Алаштың алдаспаны Міржақыпқа қатысты бірталай дүние сақтаулы тұр.
Әдебиет • 12 Маусым, 2025
Белгілі ақын, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Болат Үсенбаевтың «Мезет» атты жыр кітабы жарық көрді. Жаңа кітапқа ақынның соңғы төрт-бес жылда жазған жырлары енгізілген. Жинақтың бірінші бөлімі «Сөйле, уақыт», екінші бөлімі «Өмір, қымбатсың маған», ал үшінші бөлімі «Аққулы айдын» деп аталады.
Тұлға • 12 Маусым, 2025
Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Өр Алтайдың тумасы Қалихан Ысқақ – 70-жылдардан-ақ әлемдік классикалық дәстүрдегі шығармашылық шеберліктің шыңына өрлей отырып, ұлттық әдебиетіміздегі драма жанрының өркендеуіне жаңашыл көзқараспен айрықша үн қосып, тыңнан түрен салған тұлға.
Зерде • 12 Маусым, 2025
Маңғыстаудан шыққан марғасқалар көп. Солардың арасында биік мінберге шықпай-ақ, ауыл-ауданда жүріп те еліне пайдасын тигізген тұлғалар бар. Олар осы өлкеде туып, өмірін ұлтқа қызмет етуге арнап, ел алдында ешқандай атақ күтпей-ақ, азаматтық болмысымен биіктеген. Жайсаң жандардың бірі – қазақ баспасөзінің аймақтағы тірегі, шындық пен шежіренің жоқшысы, жүйрік журналист Терекбай Жаңбыршыұлы еді.
Тұлға • 12 Маусым, 2025
Адам өмірінің түзуі де бар, бұралаңы да бар. 1986 жылдың наурыз айында менің өмірімде де бұралаңның басталған кезі еді. Сол сәтте елімізге белгілі мемлекет қайраткерінің өмірімнің түзу арнаға түсуіне септігі тиген еді.