Елорда • 11 Маусым, 2025
Астана жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасында жаңа кезеңге аяқ басты. Қалаға болашақ трамвай жүйесінің алғашқы вагондары жеткізіліп, көпшілікке ресми түрде таныстырылды.
Ауыл • 11 Маусым, 2025
Ұлытау ауданына қарайтын Терісаққан ауылдық округінде 407 тұрғын бар. Бәрі де тұрақты жұмыспен қамтылған. Ауыл азаматтары мектеп, әкімшілік, клуб үйінде еңбек етіп, нәпақасын табады. Көбі мал шаруашылығымен айналысады. Биыл Терісаққандағы «Мұрагер» шаруашылығы 150 гектарға жоңышқа еккен. Атаулы әлеуметтік көмекке әзірге ешкім жүгінбепті.
Медицина • 11 Маусым, 2025
Ақмола облысында екі денсаулық сақтау нысаны ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақмола облысында екі жаңа медициналық мекеме – Аршалы ауданы Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория және Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт өз жұмысын бастады. Бұл нысандар елге қайтарылған активтер есебінен салынып, құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 295 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 11 Маусым, 2025
Ұлттық статистика бюросы цифрланып келеді
Елімізде ұлттық статистиканы цифрлық трансформациялау үдерісі жаңа кезеңге аяқ басты. Жуырда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде өткен кеңесте статистикалық қызметті заманауи технологиялармен жаңғыртуға бағытталған нақты қадамдар талқыланды. Реформаның басты мақсаты – мәліметтерді жинау мен өңдеудің тиімділігін арттырып, сапалы әрі қолжетімді статистикалық ақпарат ұсыну арқылы мемлекеттік басқару моделін ашық әрі нәтижелі ету, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәселе • 11 Маусым, 2025
Мектепте баланың басқа оқушыларды қорқытып, әлімжеттік жасап жүргені туралы хабар алу – кез келген ата-ана үшін ауыр. Мұндайда көпшілік алғашқыда сене алмай, мұғалімдердің сөзіне күмәнмен қарап, баласының ондайға баруы мүмкін емес деп ойлайды. Алайда мамандар осы сәттегі ата-ананың әрекеті баланың болашақтағы мінезі мен дұрыс қарым-қатынас жасай алуын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын алға тартады. Сондықтан мамандар қатыгез баланы дұрыс жолмен тезге салу керек екенін айтады.