Футбол • 27 Маусым, 2025
Футбол академиясы үмітті ақтаса игі
Табиғаты көркем Талғар қаласында FIFA стандартына сай халықаралық «KFF Academy by Almaty International Airport» футбол академиясы ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Жоба еліміздің Футбол федерациясының бастамасымен, Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Спорт • 27 Маусым, 2025
Әбиба жаһандық рейтингтің көш басында!
Дзюдодан Будапешттегі әлем чемпионаты аяқталғаннан соң, IJF-тің рейтингі қайта жаңартылды. Дунай жағалауындағы жарыста ел қоржынына бір ғана күміс медаль түскені белгілі. Сол жүлденің иегері Әбиба Әбужақынова қазіргі рейтингте әлемде екінші орынды иеленеді. Оның алдында италиялық Ассунта Скутто ғана. Дәл осы Апеннин түбегінің аруы финалда Әбибадан айласын асырған еді.
Спорт • 27 Маусым, 2025
Кейінгі жылдары бүкіл әлемде жанкүйерлер тарапынан үстел теннисіне деген қызығушылықтың арта түскенін аңғару қиын емес. Соның бір ғана дәлелі – деңгейі аса жоғары жарыстардың ең белді арналардан жиі көрсетілуі, ғаламтор мен түрлі платформадағы көрермен санының күрт артуы.
Аймақтар • 27 Маусым, 2025
Жамбылда 30 жоба іске асырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңызы зор екенін ұдайы айтып жүр. Әсіресе, тікелей шетелдік инвесторлармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы ел экономикасын үстемелеу Президент назарынан тыс қалған емес. Сол тұрғыда соңғы жылдары өңірлерде жаңа жобаларды жүзеге асыру мақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Жамбыл өңірінде де көңіл көншітерліктей жобалар қолға алынған.
Аймақтар • 27 Маусым, 2025
Қарағандыдағы Абай атындағы мектеп-гимназиясы қашанда ұлттық іс-шараларға ұйытқы болып жүр. Жақында мектептің бастамасымен ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына орай «Абай велошеруі» де сән-салтанатымен өтті.