Теннис • 11 Маусым, 2025
«Ролан Гаррос» турнирі аяқталды
Францияның астанасы – Парижде «Ролан Гаррос» турнирі мәреге жетті. Еліміздің теннисшілері арасынан Анна Данилина ең жақсы нәтиже көрсетті. Сербияның сымбаттысы Александра Круничпен жұптасқан жерлесіміз финалға дейін жетті. Алайда шешуші бәсекеде жолы болмады.
Қоғам • 11 Маусым, 2025
Астанада психикалық денсаулық мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Дүниежүзілік шизофрения туралы ақпараттандыру күніне орай ұйымдастырылған басқосу «Стереотипсіз психикалық саулық: шизофрения туралы нені білу керек?» тақырыбына арналды.
Спорт • 11 Маусым, 2025
27 шілдеде Жапонияның Сайтама қаласында аралас жекпе-жектен өтетін RIZIN 4 турнирінде Қаршыға Дәуітбек Киома Акимотомен айқасады. 19 жастағы жергілікті жас жұлдыз осыған дейін тоғыз мәрте октагонға шығып, сегіз сайыста басымдық танытты. Кезінде «Алаш Прайдтың» сапында болған Қаршыға 21 бәсекенің 18-інде жеңіске жетті. Бір айта кетерлігі, 31 жастағы қазақ файтері кейінгі алты жылдан аса уақыт аралығында бірде-бір рет жеңілген жоқ, қатарынан 10 жекпе-жекте жеңіс тойын тойлады.
Аймақтар • 11 Маусым, 2025
Ақтоғай ауданының орталығынан жаңа шағын аудан бой көтеріп келеді. Шағын ауданның басты шарапаты тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны азаяды.
Футбол • 11 Маусым, 2025
Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы келесі жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу аясындағы кезекті турды өткізді. «Астана Арена» стадионында Солтүстік Македония ұлттық құрамасына қарсы өткен матчта 0:1 есебі тіркелді.