Құрылыс • 10 Маусым, 2025
Қайта өңдейтін кәсіпорын жобаланды
Еліміз мұнай мен газдың ірі өндірушісі, алайда өңдеу әлеуеті әлі де төмен. Есте болса 2007 жылы мұнай-газ химиясы саласын дамыту мақсатында арнайы экономикалық аймақ (АЭА) құрылды. Аумағы 3 615 гектар жерді алып жатқан АЭА-да 3 негізгі алаң бар – Қарабатан, Теңіз және Технопарк.
Аймақтар • 10 Маусым, 2025
Абай облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды
Абай облысының прокуратурасы пайдаланылмаған және заңсыз берілген жер учаскелерін анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Маусым, 2025
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысындағы бір ауылда болып, жергілікті орта мектептің директорымен сөйлескенімізде, өзі басқаратын білім ұйымындағы оқушылар саны жылдан-жылға азайып бара жатқандығына алаңдаушылығын білдіріп еді. Сонымен қатар бір ауқатты ауылдасының Балалар үйінің бірнеше тәрбиеленушісін қабылдаушы отбасы ретінде асырап алуды ұйғарғандығына үміт артатынын айтып қалды.
Балалар • 10 Маусым, 2025
Үш айға созылатын каникул күндерін қызықты да мазмұнды өткізу үшін облыстық білім басқармасы он мемлекеттік мекемемен бірлесе іс-шаралар жоспарын құрды. Бірнеше бағытты қамтитын демалыс жоспарына қасиетті орындар мен көрікті жерлерге саяхат, әскери-патриоттық тәрбие, еңбек жасағы да кіреді. Оған өңірдегі 1-10 сынып аралығындағы 175 мың оқушының басым бөлігі қамтылады деп жоспарланды. Биыл оқушылардың демалысына жергілікті бюджеттен 228,1 млн теңге бөлінді.
Аймақтар • 10 Маусым, 2025
Бүгінде оқушыларды жазғы сауықтыру лагерьлерінде тынықтыру жұмысы еліміздің барлық қиырында қолға алынып жатқаны белгілі. Бұл жұмыс Жамбыл өңірінде қай деңгейде іске асырылмақ? Әулиеаталық білім алушылар жазғы демалысын қандай лагерьде және қалай өткізеді? Облыстық білім басқармасы тарапынан қандай жұмыс қолға алынбақ? Осы сауалға жауап іздеп көрдік.