Саясат • 10 Маусым, 2025
Сауда-экономикалық байланыс жайы талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізге алғашқы ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радев Мемлекет басшыларының келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.
Саясат • 10 Маусым, 2025
Қазақстан – Болгария: Ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік мол
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті қарсы алды. Салтанатты қарсы алу рәсімінде мемлекет басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Зерде • 10 Маусым, 2025
«Рүстем қырғыны» дастаны қалай жазылды?
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, барлық жанрда қалам тартқан әмбебап дарын – ақын, жазушы, драматург, журналист Ілияс Жансүгіров азғана ғұмырында көптеген поэма жазды. Соның бірі – 1926 жылы жазылған «Рүстем қырғыны» дастаны. Бұл туынды ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. Өмірден өткен соң, жиырма екі жылдан кейін, яғни 1960 жылы алғаш жарық көрсе, екінші рет 2004 жылы жазушының «Қазығұрт» баспасынан шыққан көптомдығының 3-томына енген.
Руханият • 10 Маусым, 2025
Қоңыр мұң ойды қозғайды (Ақын Әділғазы Қайырбековтің жырларын байыптау)
Біз кейде қайғы-мұң деп қатарластыра қосақтап айтқанымызбен, зерделеп қараған кісіге қайғы бөлек, мұң бөлек. Тіпті екеуінің арасы жер мен көктей деуге де болады. Қайғы дегеніміз – Абай айтқандай, «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» – адам дүниеден қайтқанда, түрлі соғыс, апаттардың салдарынан болатын қасірет түрі. Ал мұң дегеніміз – күнделікті тіршілікте кездесетін түрлі әрекет, оқиға, көзге көрінген көріністерден туындайтын уайым аралас көңіл ауаны. Мезгілсіз жауған қардан раушан гүлдердің солып қалуы, ата-анасын қарттар үйіне өткізіп жатқан жүрексіз жастар немесе роботтардың бір-біріне «үйленіп» жатуы сияқты көріністердің қай-қайсысы ет жүректі адамның кеудесіне мұң ұялатары сөзсіз. Адамның адамшылығы да осында. «Мұң естілер толқындар солығынан, Құсы бір ән салады, көлі бір ән...» деп Мұқағали текке тебіренбесе керек.
Қоғам • 10 Маусым, 2025
«100 кітап»: сіздің сүйікті шығармаңыз қандай?
Бүгінде отандық әдебиеттің ең көп оқылатын әрі оқырманның іріктелген 100 кітабын анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жүріп жатқанын білеміз. Осы орайда ел астанасында Ұлттық құрылтай мүшелері мен зиялы қауымның, қоғам қайраткерлері мен оқырманның қатысуымен тақырыптық іс-шара өтіп, алдын ала қорытынды жария етілді. Қазіргі уақытта сауалнамаға 16 мыңнан астам азамат қатысқан.