Оқиға • 27 Маусым, 2025
Елімізде өрт маусымындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Өрт қаупі жоғары кезеңде еліміздің барлық өңірлерінде Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл шаралардың негізгі мақсаты табиғи өрттердің алдын алу, орманды және дала аймақтарында, сондай-ақ саяжай аумақтарында өрт қаупін азайту, сонымен қатар тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 27 Маусым, 2025
Шымкент жастары нашақорлыққа қарсы
Дүние жүзінде 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі. Бұл дата Қазақстан үшін де маңызды. Өйткені нашақорлық болашақ ұрпақтың тамырына балта шабумен бірдей. Осы орайда жуырда Шымкентте «Таза өмір – сенің таңдауың» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараны қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Осы жиында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өткен нашақорлыққа қарсы күрес айлығының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттер басшылары Тәуелсіздік сарайында шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту перспективасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Маусым, 2025
2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Жұмыс • 27 Маусым, 2025
Түрлі саладағы тілшілер: бір мамандық – мың мүмкіндік
XXI ғасырды бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету мүмкін емес, себебі бұл сала жыл өткен сайын дамып келеді. Журналистика әлеуметтік институт болғандықтан, халыққа әлемде болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді. Билік пен азаматтар арасында алтын көпір қызметін атқаратындықтан қоғамның негізгі қозғаушы күші де ең алдымен, журналистер қауымы. 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында осы саланың ыстығына күйіп, суығына төзіп, жан-жақты қабілеттілігі мен әмбебаптығының арқасында түрлі салада еңбек етіп жүрген әріптестеріміз еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.