Қоғам • 06 Маусым, 2025
Павлодарда сатып алу ережесін бұзған монополист компания айыппұл төледі
Табиғи монополия субъектілерінің ережесін бұзған «Павлодарэнерго» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 3,1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды
ҚР ҚМ аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қорғаныс министрлігінің делегациясы Ұлыбританияда ресми сапармен болды. Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарының құжатына Лондон қаласында қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2025
Бас мүфти бірнеше мұқтаж отбасыға сый-сияпаттар тарту етті
Еске салайық, бүгін айтулы мерекеге орай Қазақстанның барлық мешіттерінде айт намазы оқылды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұсылман жамағаты таңсәріден мешіттерге жиналды. Астанадағы республикалық Бас мешітте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб мүфти Ермек Мұқатай, «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінде Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейітбеков жамағатқа Құрбан айттың мән-маңызы, құрбан шалудың тарихы мен хикметі туралы уағыз-насихат айтты. Айт намазынан кейін елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 06 Маусым, 2025
«Елорда жастары» – баспаналы болудың тиімді жобасы
Қала әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше осыдан 5 жыл бұрын басталған «Елорда жастары» бағдарламасы бүгінде жемісін беріп отыр. Жобаға қатысушылардың бірі Әнуар Набиев мемлекет бастамасының арқасында қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 06 Маусым, 2025
Құтқарушылар 365 күн бойы қызмет етеді
Тәуліктің кез келген уақытына және ауа райының қолайсыздығына қарамастан олар адам өмірін құтқарады. Құтқарушының жұмысы – батылдықты, адалдықты және тәуекелге дайын болуды талап етеді. ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері демалыссыз және мереке күндерінсіз еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz ТЖМ-нің шолу мағлұматына сілтеме жасап.