Қоғам • 06 Маусым, 2024
«Дәніккеннен құныққан жаман». Құмар ойынға құныққандар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүреміз деп күн санап құрдымға кетіп жатыр. Букмекерлік кеңселердің әуелде ас татырып арбағанымен, кейіннен аш қатырып сан соқтыратыны әмбеге аян. «Мыңды жеңген – батыр емес, өз-өзін жеңген – батыр» демекші, бәс тігуден бас тартқандар енді «eGov mobile» қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысуын шектей алады.
Digital • 06 Маусым, 2024
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі цифрлық шешімдер
Цифрлық шешімдерді, IТ технологияларды пайдалану бүгінде әлем елдерінің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруде маңызды рөлге ие. Алматыда өткен Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің цифрлық үкіметін дамытуға арналған конференцияда Корея Республикасының үкіметі қаржыландырып отырған «Цифрлық трансформация мен цифрлық басқаруды ілгерілетудегі мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру» жобасының 3 жылдық кезеңі таныстырылды.
Таным • 06 Маусым, 2024
Жалпы, талантты адамдардың табиғаты ерекше. Болмыстары да қарапайым жұрттан тым бөлек. Шығармашыл жанның ешбір шеңберге сыймайтын бұл «бөтен» мінезі біреуге қызық, біреуге оғаш, енді біреуге үлгі, біреуге күлкілі көрінеді. Ал дәл осындай типтегі адамдарда неліктен дәл осындай «біртүрлілік» болатынын ешқандай ғылым әлі зерттеп тапқан жоқ. Бар анықтамасы, ол – өнер адамы.
Мәдениет • 06 Маусым, 2024
Оның шығармаларынан үйлесім үлгісін табу қиын. Сұлулық сипаттары да анық аңғарылмайды. Қисапсыз қиындылардың қисынсыз қиюласуы көзге қораш, көңілге оғаш көрінуі мүмкін. Тіпті шатасқан шалдуардың шатпағы дерсіз. Бірақ Пикассоның дәл осы «ұсқынсыз» туындылары – кескін өнерінің кесек туындылары болып бағаланады. Себебі бұл да эстетиканың бір категориясы.
Ән • 06 Маусым, 2024
Әдемі әннің мелодиясы адам жанын астан-кестен ететіні анық. Есті шығарманың түп-төркінінде жан азасы жатады. Мұңға толы мелодия тұңғиыққа батырады. Әннің сөзі мен сазындағы үйлесім (гармония) кейде ария секілді естілсе, енді бірде ғашықтық романсы секілді жаныңды майда самалдай желпіп өтетіні даусыз.