Бокс • 05 Маусым, 2025
Нидерландыдағы турнирге еліміздің үздік боксшылары қатысады
6-9 маусым аралығында Нидерландыда Eindhoven boxcup халықаралық турнирі өтеді. Қазақстан бокс федерациясы осы сайыста шаршы алаңға шығатын былғары қолғап шеберлерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 05 Маусым, 2025
ШЫҰ кеңістігіндегі өзекті мәселелер сараланды
Қазақстан Қаржы министрі Мәди Такиев Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Маусым, 2025
Қазақстан мен Корея арасындағы әуе қатынасы күшейді
Қазақстан Кореядан Алматы, Астана және Шымкентке тікелей рейстер жиілігін аптасына 17 рейске дейін арттырды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 05 Маусым, 2025
Заңсыз балық аулаушыларға 10 млн теңге айыппұл салынды
16 сәуір мен 30 мамыр аралығында Зайсан-Ертіс бассейнінде көктемгі уылдырық шашу кезеңінде балық қорларын қорғауға бағытталған «Уылдырық шашу-2025» акциясы өткізілді. Осы маңызды кезеңде Зайсан-Ертіс өңіраралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының қызметкерлері су айдындарында бақылауды күшейтіп, балықты заңсыз аулаудың алдын алуға және олардың табиғи мекен ету ортасын сақтауға күш салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 05 Маусым, 2025
Театр мен музейлерге кімдер тегін кіре алады
Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты мәдени мекемелерде балалар үшін қолжетімді болудың түрлі жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылған. Соның бірі – 2017 жылдан бері Министрліктің бұйрығымен (Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 142 бұйрығы) республикалық деңгейдегі музейлер мен музей-қорықтарға әр айдың 3-ші жексенбісінде барлық санаттағы азаматтар үшін, каникул күндері мектеп жасындағы балалар үшін кіру тегін. Бұл туралы көпшілік әлі күнге дейін біле бермейді. Осы орайда сала министрлігіне және ҚР Ұлттық музейге сауалдар жолдап, мән-жайды толығырақ білген едік, деп жазады Egemen.kz.