Аймақтар • 05 Маусым, 2025
Ерейменнің етегі төрт түлік мал өсіруге мейлінше қолайлы. Таулы-тасты адырлардың көктемгі қызыл су үйіріліп, жаз ортасына дейін кілкіп жататын қолат-қойнауы сәл селдірлеу біткенімен, малға жұғымды шөп бар. Әуел баста ақтылы мал өсіріп, шаруасын жолға қоймақ болған «Жаңа береке» шаруа қожалығы 2017 жылы бағымындағы малды түгел сатпақ болды. Сол жылы қатты құрғақшылық болып, әншейінде шөп мол шығатын ойпаң жерлердің өзі көктемей қалды. Мал азығы тапшылығынан қысылған қожалық қолындағы малымен бірге бар дүниесін сатуға мәжбүр болды. Қара малмен бірге 300-ге жуық жылқы жаңа серіктестіктің иелігіне көшті. Серіктестік бастапқы атауын сақтап қалды.
Экология • 05 Маусым, 2025
1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген атаулы күн әлем халықтарының назарын қоршаған орта проблемаларына аударады. Жер-жаһанға, табиғи ресурстарға қамқорлық жасаудың маңыздылығын тағы бір еске салады. Ауаның, судың, топырақтың ластануы, биоалуантүрліліктің жоғалуы, климаттың өзгеруі, экологияның адамзат тыныс-тіршілігіндегі алатын орны мәселелерін кең көлемде талқылауға, көп болып шешуге арналады.
Кәсіпкер • 05 Маусым, 2025
Бидайық ауылының тұрғыны Ғалия Отарбаева біраз уақыт бұрын «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 9 300 000 теңге жеңілдетілген несие рәсімдеп, оған 30 бас ірі қара мал мен 10 тонна шөп азығын сатып алды. Сиыр саууға арналған аппаратты алуға жеке қаржысын жұмсаған. Осылайша, тиімді мемлекеттік қолдау нәтижесінде берекелі кәсіпке белсене кіріскен еді.
Талбесік • 05 Маусым, 2025
Атырау тұрғындарының арманы – таза ауамен терең тыныстау. Алайда қойнауы «қара алтынға» толы өңірдің экологиясы нашар, ауасы ластанған. Шаңды дауыл жиі көтерілетін мұнайлы өңірді жасыл желекпен көмкеру көкейкесті мәселеге айналды.
Шаруашылық • 05 Маусым, 2025
Абай облысы диқандарының көктемгі егіске қауырт кіріскені қашан. Жер тоймай, ел тоймайтынын жақсы білетін шаруалар алқапқа жоғары сұрыпты тұқым сеуіп, ала жаздай егіннің ебін табуға әзір.