Сұхбат • 05 Маусым, 2025
Ғылым саласында нәтиже көрсету қажырлы еңбек пен терең білімді қажет етеді. Сондай жолды таңдаған ҰҒА академигі Дөрбетқан СҰРАҒАН – Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың, «Ferran Sunyer i Balaguer Prize» халықаралық сыйлығының лауреаты. Ол – дүниежүзі бойынша еңбектеріне келтірілген сілтемелер саны ең көп қазақ ғалымдарының бірі. Назарбаев университетінде оқытушылық қызмет атқаратын ғалым қазір іргелі іс-шараны ұйымдастырудың басы-қасында жүр.
Өшпес даңқ • 05 Маусым, 2025
Биыл елімізде Жеңістің 80 жылдығы аясында фашизмге қарсы соғысқа қатысқан ерлеріміздің ерен ерліктері еске алынды. Майдандағы қаһармандығы, бейбіт күндегі маңдай тері жұрт жадында сақталып, құрметке бөленген ардагердің бірі Нұрлыбай Қасымбеков еді.
Өндіріс • 05 Маусым, 2025
Қарағандының ұны. «Дамир АА» кәсіпорнының тіл үйірер дәмі. Жиырма жыл уақыт. Нарық ығыстыра алмаған ырысы мол кешен. Тамақ өнеркәсібі индустриясының игілігін толық сезінген серіктестік. Италияның технологиясымен макарон өндіретін бірегей кәсіпорын. Ұнның түр-түрін шығаратын алпауыт диірмен. Әр үйдің асханасында бар дәстүр мен сапа үйлесімі. Өңірдің брендіне айналған бірегей компания.
Білім • 05 Маусым, 2025
Шетелден шақырту алған түлектер
Еліміздің түкпір-түкпірінде білімге құштар, талабы таудай жастар өсіп келеді. Түрлі олимпиадалардан оза шауып, жетістікке жетіп жүрген дарынды оқушыларды жиі кездестіреміз. Олар – болашақтың шамшырағы, ел үмітін арқалаған жас буын. Заманауи оқушы тек сабақ үлгерімімен ғана емес, жаңашыл идеяларымен, әлемдік білім кеңістігіне ұмтылысымен ерекшеленеді. Соның жарқын мысалы ретінде шетелдік университеттерден жаппай шақырту алған екі талапты түлек – Ақжүніс Атахан мен Айсұлтан Алтынбекті атап өтуге болады.
Спорт • 05 Маусым, 2025
Елімізде кәсіби және бұқаралық спорт – елеулі басымдықтың бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы: «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз», деген еді. Осы бағытта Президент тапсырмасымен «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірленіп, Үкімет қаулысымен бекітілді. Бұл жоспар өңірлерде кезең-кезеңмен жүзеге асып жатыр.